Қазақстандық студенттер азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған қосымша жасап шығарды
Қазақстандық студенттер азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған қосымша жасап шығарды
7 жыл бұрын 3832

Сулейман Демирел университетінің стартаперлеріҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылай қолдауымен алғашқы отандық азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мобильді қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

JobBer мобильді қосымшасы - жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, тапсырыс берушілердің (жұмыс берушілердің) және жұмыс іздеген адамдардың (жұмысшылардың) өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба. Мобильді қосымшаның идеясы жоба авторларына нарықта тұжырымдаманы іске асыратын JB стартап компаниясын құруға жол ашты.

Қосымшаны әзірлеген JB стартапының негізгі серіктестері мен құрылтайшылары PhD докторы, СДУ-дың экономикалық, әлеуметтік және іскерлік зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Әсел Изекенова және СДУ-дың Инженерлік және жаратылыстану факультенінің 4-курс студенті Ализаде Парвин.

- Ұялы бағдарлама ең алдымен бейресми жұмыспен қамту нарығында көзделген, себебі негізгі пайдаланушы – қызметкерлер студенттер мен одан өзге білім алушылар, үйде жұмыс істейтін адамдар және еңбек өтілі немесе жас ерекшелігіне байланысты зейнеткерлер, белгілі бір себептермен ресми түрде жұмысқа орналаса алмайтын адамдар болады. Жобаның бірегейлігі - қызметкерлер тек мобильді платформаны қамтамасыз етпестен, сондай-ақ үлкен тәжірибесі бар, бірақ ұялы қосымшаларды пайдалану туралы толық білімдері жетпейтін қарт адамдар үшін қажетті ақпараттық сауаттылық бойынша жеке кеңестер жүргізетін кеңсе ұйымдастыру, - деп баяндады жоба жетекшісі Әсел Изекенова қосымшаның тұсаукесер рәсімінде.

Android негізіндегі JobBer мобильді қосымшасы пайдаланушыларға өз ұсыныстарын үнемі бақылауды ұсынады. Жұмыс берушілер өз тапсырмаларын дербес басқара алады. Қарапайымдылық – қосымша жұмысының негізгі артықшылығы - электронды поштаның болуы және сол арқылы клиенттің және тапсырманы орындаушының тіркелуі қажет. Ұялы платформаның тұжырымдамасының үш негізгі компоненті Мақсат – Жауапкершілік – Ыңғайлылық. Сонымен қоса компания мемлекет қазынасына салық төлемдерін өтейді, бұл – жұмыскерге ресми түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

- Аталған қосымша шын мәнінде мемлекетіміздің дамуына зор үлесін қосады деген сенімдемін. Жобаның бас серіктесі Тұңғыш Президент қорына ерекше алғысымды білдіремін. Себебі қор қарапайым мысалдар арқылы өміршең әрі әлеуметтік маңызы бар жобаларға әрдайым қол ұшын береді. Жоба авторларына тек сәттілік тілеймін, - деп лебізін білдірді СДУ ректоры Қанат Қожахмет.

Қазіргі уақытта жоба авторлары демеушілердің ұсыныстарын қарастыруға әзір.

 

0 пікір
Мұрағат