Қазақстандық ғалымдар бидайдың жаңа түрін таныстырды
2 ай бұрын 591 Sputnik.kz baq.kz 24.kz kaz.inform.kz0
Sputnik. Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы "Кудесница" атты жұмсақ жаздық бидайдың жаңа сортын ұсынып, отандық бидай сорттарының қатарын қайта толықтырды. Бұл туралы sputnik.kz ақпарат көзі хабарлады.
Ғалымдардың айтуынша, бұл сорт керемет эргономикалық сипаттамаларға және жоғары өнімділікке ие.
"Кудесница" сорты 79 күндік вегетациялық кезеңнен тұратын орта маусымдық топқа жатады. Конкурстық сортты сынау жылдарында сорттың орташа өнімділігі гектарына 25 центнерді құрады, бұл стандартты сорттың өнімділігінен едәуір асып түседі, атап айтқанда бір гектар 22 центнерді құрайды.
Сорттың негізгі сипаттамаларының ішінде дәндегі ақуыз мөлшері 14,5%, шикі глютен 35,6% және жалпы наубайхана бағасы 4,9 баллды құрайды. Сорт құрғақшылыққа төзімді, ұзақ уақыт бойы жауын-шашынға және жоғары температураға шыдамды.
"Кудесница" сорты жаздық жұмсақ бидай өсірілетін аймақтарға арналған. Егіс алдында тұқымдарды міндетті түрде маринадтау қажет, ал егу жылдамдығы гектарына 3,8-4 миллион дәнді құрайды. Мамандар егісті 22-25 мамыр аралығында отырғызуға кеңес береді.
Жетісулық ғалымдар бидайды жылдам селекциялауды зерттеп жатыр
Жетісу университетінің ғалымы Қанат Ермекбаев Орталық Азия мемлекеттерінде шығарылған бидайдың генетикалық кодын анықтап, жылдам селекциялау жолдарын зерттеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол ҚР Ғылым және жоғары білім министірлігінен 2024-2026 жж. қаржыландырылатын «Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу» тақырыбында грант иеленді.
Жас ғалым осы жоба аясында Орталық Азия бидайының Толық Геномдық Генетикалық (Whole Genome Sequencing) мағұлматтарын алып, зерттей бастады. Сондай-ақ, Орта Азия бойынша алғашқылардың бірі болып ЖУ базасында құрылған «Speed Breeding» платформасы кеңейтіліп, «Ұшқышсыз Ұшу Аппараты» қолданылатын болады.
Маңыздысы, «Speed Breeding», яғни жылдамдатылған селекция технологиясының толық әлеуеті ғалымдарымызға бір жылда 6 рет өнім алып, еліміздегі дәнді-дақылдардың селекциясын айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Қазақ ғалымы бидайдың генетикалық кодын зерттеп жатыр
Қазақ ғалымы Орталық Азияда шығарылған бидайдың генетикалық кодын анықтап, жылдам селекциялау жолдарын зерттеп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Қанат Ермекбаев бастаған ғалымдардың жобасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің 150 миллион теңге грантын жеңіп алды. 3 жылға жоспарланған жұмыс нәтижесінде 450-ге тарта бидай сұрыптарының генетикасы, стандартталады.
«Бұл – өте ауқымды жұмыс», – дейді мамандар. Себебі, бір дақылдың генетикалық коды 16 миллиард әріптен тұрады. Компьютерлік өлшеммен алғанда әрбірінен 16 гигабайттық ақпарат алынады. Сонымен қатар, жылдам селекциялау бағытының ауқымы кеңейеді.
Тың салаға ден қойған ғалым Орталық Азия елдері арасында бірінші болып, спид брейдинг технологиясын енгізді. Сол арқылы 120 күнде пісіп жетілетін бидайды 60 күнде өсіру тәжірибесін сынақтан өткізіп жатыр.
Қанат Ермекбаев, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі: - Бір өнімді төзімді белгілі бір ортаға бейімді сұрыпты шығару үшін 14-12 жыл уақыт кетеді. Яғни, бұл деген өте көп уақыт, өте көп ресурсты талап етеді. Адам жағынан, қаржы жағынан болса да. Бұл технологияның маңыздылығы – осы селекциялық процестерді 6 есеге дейін жылдамдату.
Балқашта соңғы 5-6 жылда алғаш рет күріш өнімділігі 50% артып отыр — диқандар
KAZINFORM — Алматы облысы Балқаш ауданының шаруалары күріш жинауға дайындалып жатыр.
Диқандар биыл егістікке қолайлы жыл болғанын айтады. Ауа райына байланысты күрішті ерте отырғызып, су мол келгендіктен өнімділік артқан.
«Биыл соңғы 5-6 жылда алғаш рет өнімділік артып отыр. Өткен жылы гектарынан 30 центнерден өнім алсақ, биыл 40-45 центнерден алуға ниеттіміз. Себебі, өздеріңіз көріп отырғандай күріштің жағдайы жақсы. 120 күн бойы су мол болды. Сондықтан болжам жақсы», — деді шаруа қожалығының агрономы Мейрам Ермұқанұлы.
Балқаш ауданында 30 мың гектардан астам жер суарылады.
Биыл оның 7,2 мың гектарына күріш егілген.
Айта кету керек, суару маусымында Қапшағай су қоймасынан аудан шаруаларына 510 млн текше метр су берілді.
Қазақстан бәсекеге қабілетті мақта сорттарын өсіруді қолға алды
KAZINFORM — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қолдауымен мақтаны селекциялау жұмыстары басталды. Жобаның негізгі мақсаты - елдің әр түрлі топырақ-климаттық зоналарында тұрақты өндірісті қамтамасыз ете алатын бәсекеге қабілетті мақта сорттарын жасау. Бқл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
24-25 сәуірде селекциялық питомниктерде әрі қарай будандастыру үшін үлгілер мен гибридті комбинациялар салынды. Жобада 33 станциялық үлгі, 26 гибридті комбинация және биологиялық питомниктен 420 үлгі қатысады. Сондай-ақ, М-4011 және М-5027 сорттарының 40 тонна элиталық тұқымын алу жоспарланған.
«Ғалымдар жаңа жасалып жатқан орташа талшықты мақта сорттары гектарынан 45-50 центнерден жоғары өнімділік беретінін және 110-117 күннен кейін жинауға болатын ерте пісетіндігін айтады», — делінген ақпаратта.
Талшық сапасы да таңқаларлық — шығымы 38-40%, талшық ұзындығы 33-34 мм. Кейінгі селекциялық жұмыстар үшін үлгілерді іріктеу жұмыстары басталды.
Бағдарлама қорытындысы бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығы сынақтары мен сорттарының мемлекеттік комиссиясына жаңа сорт беріледі.
Вегетация кезеңінде өсімдіктерге тыңайтқыш енгізу, қатараралық өңдеу, зиянкестермен күрес және суаруды қоса алғанда, кешенді күтім жасалды.
Мақтаны жинау қыркүйектің басында басталды. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қызметкерлері индоселекциялық үлгілер жоғары өнімділік көрсетіп жатқанын растайды.