Қазақстанда мүлікті жария етуге 15 885 өтініш келіп түскен
|
Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға 29 желтоқсанындағы мәлімет бойынша жалпы сомасы 116,8 млрд теңге болатын мүлікті жария етуге 15 885 өтініш келіп түсті деп хабарлайды strategy2050.kz.
Қаржы министрлігінен хабарлағандай, жалпы сомасы 87,6 млрд. теңге 12 411 тұрғын үй объектісі; сомасы 30,5 млрд. теңге 7 857 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 17,4 млрд.теңгеге 1 491 коммерциялық объект; сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 20 қатысу үлесі; сомасы 0,8 млрд теңгеге 1 бағалы қағаз келіп түсті. Сомасы 40,8 млрд. теңгеге 7 301 объект жария етілді.
Мүлікті жария етуге арналған бұрынғыдай өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы алда келе жатыр (5322 және 3202 өтініш тиісінше). Азаматтардың белсендігі бойынша үшінші орынды Ақтөбе облысы (1274 өтініш) мен Қостанай облысы (1186) алды. Азаматтардың белсендігі бойынша соңғы орын Батыс Қазақстан облысында – барлығы 108 өтініш.
ҚР ҰБ есебінің деректері бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан жағдай бойынша жалпы сомасы 8,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге 47 жинақтаушы шоттар ашылды, оның ішінде бюджетке 307,2 млн.теңге ақшаны жария ету үшін алым төлей отырып, жинақтаушы шоттардан 2,8 млрд.теңге алынды. ҚР экономикасына 2,9 млрд теңге инвестицияланды.
Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша бюджетке 307,2 млн теңге түсті.