Израиль сарбазының көзбояушылығы
Израиль сарбазының көзбояушылығы
10 жыл бұрын 4008

Бір қолымен жақсылық жасаған болып, екінші қолымен от көсейтін қой терісін жамылған қасқырлар туралы мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ екен. Қайырымдылықты бетперде етіп, арам ойын артында сақтаған жендеттер Израиль сарбаздарының арасында да кездеседі екен. Палестинаға басқыншылық саясат жүргізіп отырған израилдіктер халықаралық аренада абырой-беделін көтерудің әр мүмкіндігін қалт жібермейді. Израиль әскерінің қатарында жүрген Авихай Эдри әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында палестиналық Ғалия Әбу Рида есімді зағып болып қалған 70 жастағы қарт кісіге израилдік сарбаздың сусын беріп тұрған сәті бейнеленген фотсуретті жариялаған екен. Жақшаның ішіне алып, айта кететін болсақ, өткен жылы, яғни, 2014 жылы Израиль әскері Газа секторына әуеден соққы беріп, палестиналық бейбіт тұрғындарды қынадай қырған болатын. Бұл фотосурет сол кездегі қанды қасапта, дәлірегі, Газа секторының оңтүстігінде орын тепкен Хан Юнис елді-мекеннің шығысындағы Хуза ауылында таспаға тартып алынған болатын. Palinfo ақпарат көзінің хабарына қарағанда, изарилдік сарбаз (жендет) алдымен өзі зағып қарт кісіге алдымен су беріп, жақсылық жасаған болып, артынан зәйтүн ағасышының түбіне сүйреп апарып, атып тастаған. Онымен қоймай, мәйітті қорлап, шекесіне тағы бірнеше мәрте оқ қадаған.

1 пікір
Мұрағат