Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Грузия арасында теміржол тартылады
Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Грузия арасында теміржол тартылады
3 жыл бұрын 3050 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Грузия арасында теміржол тарту мақсатында 2023 жылға дейін «Middle Corridor» (ТМТМ) деп аталатын біріккен кәсіпорын құрылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Railway Supply  дерек көзіне жөн сілтеген Rail-news.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, осы жылдың наурыз айының 31-і күні аталған төрт ел - Грузия, Әзірбайжан, Түркия және Қазақстан – «Шығыс-Батыс Транскаспилік дәлізі туралы» төртжақты декларацияға қол қойды, онда Транскаспийлік Шығыс-Батыс дәлізін пайдаланудың маңыздылығы атап көрсетілген, сондай-ақ, аталмыш декларацияға қатысушы мемлекеттердің транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған қадамдар белгіленген. Мәлімдемеде жол бойындағы елдер арасындағы ынтымақтастық пен Транскаспи көлік дәлізін халықаралық көлік жүйесіне біріктіру үшін инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салудың маңыздылығы атап өтілген. Баку-Тбилиси-Карс (БТК) теміржол желісінің Еуразиялық дәліздегі бәсекелестік артықшылықтарын ұтымды пайдаланып, дамыту және осы жолдың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған жұмыстарды мейлінше жеделдету көзделген. Міне осындай мақсатпен «Транскаспий халықаралық көлік жолы» қауымдастығына қатысатын Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан және Түркия темір жолдары арасында «Орта дәліз» («Middle Corridor») бірлескен кәсіпорнын құру жоспарлануда. «Middle Corridor» біріккен кәсіпорынын 2023 жылдың орта шеніне дейін құруды бас хатшы Ғайдар Әбдікәрімов RailFreight Summit-тің арнайы шығарылымында растады. Мұндай біріккен кәсіпорын құрудағы масат Middle Corridor (ортақ дәліз) құндылығын арттыруға саяды. Бұл бірлескен кәсіпорын жоғары сапалы интермодалдық, көлік-логистикалық қызметтерді ұсынады, трансшекаралық тарифтерді үйлестіреді және Қытайдан Түркияға және Қара теңіз айлақтарына жүк тасымалдау қызметтерін толығымен автоматтандыру үшін бірыңғай IT платформасын жүзеге асырады. Сондай-ақ, Каспий теңізі порттары арқылы «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық жүк дәлізіне (INSTC) қосылу, осылайша дәлізді Иранға, Парсы шығанағы бойындағы араб елдеріне, Шығыс Африка және Үндістанға кеңейту жоспарлануда.

0 пікір
Мұрағат