|
Қазақстан Президентіне үміткерлерге жаңа талап енгізу ұсынылды
|
Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президентіне үміткерлерге жаңа талап енгізуді ұсынды.
«Конституцияның 41 бабында Ел Президентінің лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік өлшемдерінің ішінде жоғары білім жайы ескерілмегені мүлдем ақылға қонымсыз. Тіпті, мемлекеттік қызметтің ең төменгі сатысы үшін де жоғарғы білім болуы қаралған, ал елді басқаратын Президенттікке кандидат үшін бұл қаралмаған. Сондықтан да Президенттікке кандидатқа қойылатын басты талаптар қатарында – міндетті түрде жоғары білімінің болуын Конституцияға енгізу қажет деген нақты ұсыныс бар. Бұл болашақта орын алуы мүмкін келеңсіздіктің алдын-алудың бір жолы деуге болады», деді депутат.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді