Қазақстан мен Катар арасында әуе қатынасы артады
Қазақстан мен Катар арасында әуе қатынасы артады
1 жыл бұрын 994 forbes.kz

Қазақстан мен Катар арасында авиарейстер саны артады, деп хабарлайды forbes.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, 26-27 шілде күндері Қазақстан мен Катардың авиациялық билігі арасында екі ел тасымалдаушыларының қатысуымен келіссөздер өтті.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және тұрақты халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Нәтижесінде рейстерді орындау бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойылды:

- әр тараптан Астана және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;

- әр тараптан Алматы және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;

- «ауа еркіндігінің» 5 дәрежесін қоса алғанда, әр тараптан аптасына 7-ден 10-ға дейін жүк рейсі.

Осылайша, рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21-ден 38 рейске дейін артпақ.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Qatar Airways» әуе компаниясы биылғы жыл соңына дейін «Алматы – Доха бағыты» бойынша орындалатын рейстер санын күніне 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ 2024 жылдың ортасында аталған авиакомпания «Астана – Доха» бағытын ашуды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат