Қазақша пернетақтаны ойлап тапқандар патент алды
|
Қазақша пернетақта ойлап тапқандар патент алды. Бұл жайында Tengrinews.kz ақпарат көзінің тілшісіне Халықаралық ақпараттық технология университетінің қаржылық әрі коммерциялық директоры Медет Тұрмағамбетов хабарлаған. Айта кетейік, қазақ пернетақтасы еліміздегі мектептерге сатылып кетті. Патентті қазақ пернетақтасын ойлап тапқан студенттер алған. Бұл патент Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағында жарамды болып табылады. Медет Тұрмағамбетовтың түсіндіруінше, патент тегінде Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктен қаржылай қолдау көруі үшін қажет. Қазақ пернетақтасының алғашқы партиясы Қытайда жасалды. Үш мың құрылғы e-Learning білім беру бағдарламасы аясында сатылған болатын. Олар мектептерге таратылып берілді. Әр білім беру мекемесі 20-25 данасын алды. Қазақ пернетақтасын ойлап тапқандар елдің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Медет Тұрмағамбетовтың айтуынша, келесі партиясында 10-15 мың данамен шығару жоспарланып отыр.