ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЗЫҚ ДАЛА ҚАЛЫҢ ОРМАНҒА АЙНАЛАДЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЗЫҚ ДАЛА ҚАЛЫҢ ОРМАНҒА АЙНАЛАДЫ
2 жыл бұрын 1356 24.kz

Қарағанды мен Теміртаудың маңайындағы жазық дала келешекте қалың орманға айналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала іргесінде жасыл белдеу жүргізіп, экологияны жақсарту үшін биыл өңірдегі мемлекеттік орман қоры алқабына 1 млн 300 мың түп көшет егу жоспарланған. Оның 300 мыңы осы көктемде егілді. Қалған жұмыс күзде жалғасады. Мамандар арқаның климатына төзімді келетін қарағаш пен үйеңкіні таңдаған. Тұқым жергілікті тәлімбақта өсіріледі. Жаңбыр жауса, көшеттер 2-3 күнде көктейді, - дейді олар. Ал ағаштардың жайқалып өсуін 100 орманшы қадағалайды.

Елубай Ырысалдин, орманды молықтыру және өсіру инженері: - Бұл енді «куличная посадка» дейді. Аралық ағаш егу. Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, 24 метрге 6 қатар егіледі. Кейін бұл 5-6 жылдан кейін өскен соң ортасына қарағай көшеттерін егеміз.

 

0 пікір
Мұрағат