Үш жарым мыңға тарта мешіті бар әлемдегі ірі мегаполистердің бірінде мұсылмандардың тағы бір құлшылық үйі ашылды (видео)
Үш жарым мыңға тарта мешіті бар әлемдегі ірі мегаполистердің бірінде мұсылмандардың тағы бір құлшылық үйі ашылды (видео)
11 ай бұрын 699 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ыстамбұл шаһарынның Лебент ауданында османлының ұлы флот қолбасшысы Хайреддин паша Барбароссаның құрметіне есімі қойылған жаңа мешіт жамағатқа есігін айқара ашты. Бұл жайында islam.kz порталы cnnturk.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрылысы 3 жылға созылған, құны 38 млн долларды құраған ғибадат ғимаратының ашылу салтанатына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі келіп қатысты. «Хайреддин Барбароссаның сарбаздары Лебендтер (Османлы флотының жалдамалы матростары) деп аталды. Сондықтан бұл аймақ Лебент деп аталады. Бізден болашақ мешіттің атауын сұрағанда капитан Хайреддин Барбароссаның есімі орынды деп ойладық», - деді түріктердің көшбасшысы атаулы шарада. Жаңа мешіттің аумағы - 7000 шаршы метр. Автотұрақ, кітап дүкені, балабақша, көрме залы, т.б. орналасқан.

 

0 пікір
Мұрағат