Отандық ғалымдар бидайдың жаңа сұрпын шығарды
Отандық ғалымдар бидайдың жаңа сұрпын шығарды
6 ай бұрын 464 24.kz

Отандық ғалымдар күздік бидайдың жаңа сұрпын шығарды, деп хабарлайды 24KZ.

Ғылыми жаңалықтарын «Шөл» деп атаған екен. Ең басты ерекшелігі – өсімдік түрі қысқы суық пен жазғы ыстыққа және құрғақшылық пен ауруға төзімді келеді. Оның дәні шыны тәрізді келеді. Биіктігі 105 см-ден, 115 см-ге дейін жетеді. Диқандар дәнді дақылдың тұқымын көбейтсек, қамбаны ернеуінен асыра толтыратын күн жақын деп отыр.

Анарбай Ортаев, «Красноводопад АШТС» ЖШС басқарма төрағасы: Өзге сорттармен салыстарғандағы сапасы басымбұл сорт ерте піседі. 20 күн ерте піседі басқа егіліп жатқан сорттармен салыстырғанда. Ерте көктемдік және жаздық ерте келетін аптап ыстықтарға ұрынбайды. Сол себепті қажетті дәрежеде қоректік элементтер жинап, дән өнімділігі жоғары болады. Сортты шығарған авторлар Алшораз Абжаппар Тойлыбайұлы және Алшоразова Ирина Павловна, бұлар отбасылық селекционерлер.

0 пікір
Мұрағат