Оқушылар лудоманияның құрығына қалай түспеу керектігін үйрететін жоба ойлап тапты
Оқушылар лудоманияның құрығына қалай түспеу керектігін үйрететін жоба ойлап тапты
10 ай бұрын 1316 24.kz Серік Селеубайұлы, Қанат Махмұтов

Астаналық оқушылар зиянды әдеттерге қарсы. Тіпті, қоғамның жегі құртына айналған дерттердің зардабын түсіндіретін жобалар жасап, жарысып жатыр, деп хабарлайды 24kz. 

Серік Селеубайұлы, тілші: - Қазір мен Астанадағы Білім-инновация лицейіндемін. Мұнда балалар қоғам дертіне айналған әдеттердің зияны туралы жобалар қорғап жатыр. мына жерде оқушылар лудоманияның құрығына қалай түспеу керегін үйретеді екен.

Бекарыс Нұрхан, 7-сынып оқушысы: - Біздің тақырыбымыздың аты – лудомания. Біз қазір сізге бір кәмпит береміз. Қазір шарик саламыз. Сіз қай стаканда шарик салынғанын тауып алу керексіз. Мұқият қараңыз. Тағы ойнағыңыз келе ме? Көрдіңіз бе, сіз азартқа кіріп кеттіңіз.

Балалар осындай қарапайым әдіспен оңай олжаға тез елітіп әкетуге болатынын көрсеткен. «Ондай арбауға түспеу үшін ақылға салу жеткілікті», - дейді олар. Білім-инновация лицейлері бұл бастаманы Мемлекет басшысының жас ұрпаққа дұрыс жол көрсету идеясын қолдау мақсатында жүзеге асырып отыр. «Қоғамға қауіпті бес кесел» жобасы арқылы оқушыларды жаман әдеттерден қорғауға бағытталған.

Ержан Әубәкіров, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті: - Балалар өздерінің жоба арқылы жалпы осы бес кеселге қарсы күреске, қарсы көзқарастарын көрсетті. Әртүрлі жобалар бар. Кейбір балалар теориялық тұрғыда, кейбіреу практикалық тұрғыда жасаған. Бірақ, бұлардың барлығы нені беріп тұр? Балалар жалпы бұл оқушы ғой. Оқушылар әрдайым мұндай індеттерге келу мүмкіндіктері бар. Сол себепті, осындай зерттеу арқылы оларда қарсы бір иммунитет қалыптасады деп сенеміз.

Аталған жоба алдағы жылдары да жалғасын таппақ. Осылайша, жас ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, тәрбие беру көзделген.

Авторлары: Серік Селеубайұлы, Қанат Махмұтов

Адамдардың ойынға тәуелді болып қалуының басты себептері қандай

Kazinform – Қазақстандағы ойынға тәуелділікпен күрес бағдарламасының жетекшісі Александр Рущук адамдардың ойынға тәуелді болып қалуының басты себептерін айтты. 

— Мен 10 жылдан бері осы салада Украинада, Еуропада және Қазақстанда жұмыс істеп келемін. Соған сай адамдардың ойынға тәуелді болып қалуының сан түрлі себептеріне кез болдым. Бұрын құмар ойыны деп спортқа бәс тігулерді айтушы едік, компютерлік ойын оның қатарына тіптен жатпайтын. Ал қазір ол екеуі бірігіп кетті. Себебі қазіргі компьютерлік ойындардың бәрінде дерлік ақша салу тетігі бар. Яғни ол да құмар ойынына айналып кетті, - деді ол «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ойынға тәуелділік» тақырыбындағы конференференция барысында. 

Маманның айтуынша, ойынға тәуелділік – адамның өз өміріне көңілі толмауының көрінісі.

— Біз әуелі адамның неге өз өміріне көңілі толмайды дегенді анықтап алуымыз керек. Оған бірінші себеп бала мен ата-ананың арасында жылы қарым-қатынастың болмауы. Ата-ана баласының оқуын, үлгерімін сұрайды, бірақ, оның ішкі жан-дүниесіне үңілмейді. Оған не ұнайды? Не ой мазалап жүр? Қандай арманы бар? Қандай іс қолынан келмей жатыр? Осы секілді сұрақтар қойылмайды. Жан дүниенің ішкі байланысына мән берілмейді. Бұл — басты себеп! – дейді сарапшы.

Одан бөлек өз қажеттілігіне қол жеткізу дағдыларының, адамдармен байланыс орнату қабілетінің жетіспеушілігі де негізгі себептер қатарына жатады.

— Ұялу, қысылу, қорқыныш және өзін кем сезінуден көптеген адам өз қажеттілігін қанағаттандыра, керегіне қол жеткізе алмайды. Содан барып көптеген адамда эмоцияның тұншығуы пайда болады. Олар оны шығару үшін девиантты қылық шығарады. Яғни, тәуелділіктің кез келген түріне ұрынады. Мен танитын осындай адамдардың ішінде бірнеше дипломы бар, сыртынан қараған кісі оның өміріне қызығатындай жандар болды. Бірақ, олар іштей бақытсыз еді. Бұндай күйін олар ең жақын адамдарына да көрсетпейді, - дейді Александр Рущук.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшы ата-анасы аз көңіл бөлетін бала виртуалды ойынға оңай тәуелді болатынын айтқан еді.

Сондай-ақ, ата-ана баласының психологиялық дертке шалдыққанын мойындай алмауы лудомандарды дер кезінде сауықтыруға үлкен кедергі келтіретінін жазған болатынбыз. 

Психотерапевт ойынға тәуелді адамның миында қандай өзгерістер болатынын айтты

KAZINFORM - Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттік медицина университетінің профессоры, психотерапевт Фатима Багиярова виртуалдық ойынға тәуелді баланың миында, физиологиясында қандай өзгерістер болатынын айтып берді.

– Дәрігер ретінде мен ойынға тәуелділік туралы айтқанда сөзді патофизиологиядан бастауды жөн көремін. Яғни, виртуалды ойынға тәуелді адамның миында қандай құбылыстар болып жататыны жайлы айтамыз. Бірінші кезекте мидағы «сұр зат» көлемі азаяды. Содан мидың қызметі бұзылып, шешім қабылдау, өз іс-әрекетін басқару қиынға соға түседі. Ойын өмірді сезінудің негізгі көзіне айналады. Басқаның бәрі айнаның арғы жағындағы көрініске ұқсап кетеді, - деді ол «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ойынға тәуелділік» тақырыбындағы конференция барысында.

Маманның айтуынша, виртуалды ойындарды ойнау кезінде нейромедиаторлар, яғни нақты бір іс-әрекеттер кезінде бөлінетін гормондар қызметі де үлкен өзгеріске ұшырайды.

– Біріншісі – дофамин. Ол бір істі істеуге ынталандыратын, істі аяқтағандағы жетістіктен ләззат алу кезінде бөлінетін гормон. Компьютерлік ойын ойнағанда ол көп бөліне бастайды. Осыдан соң адамға «дофаминді алу» үшін ештеме істеудің қажеті болмай қалады, ойын ойнау арқылы ғана ол бөліне береді. Яғни, бұл әрекетсіздікке бастайды. Екіншісі – серотонин. Ол көңіл күйдің гормоны. Оның бөлінуі азайып, адам ашуланшақ, ызақор бола бастайды. Үшіншісі – адреналин. Ол — өмірден ләззат алу гормоны, шынайы өмірде жүргенімізде бөлінеді. Оның да мөлшері азая бастайды, - дейді маман.

Ербол Жанат

0 пікір
Мұрағат