Мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеті ғаламтор қолданушыларының наразылығын туғызды
Мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеті ғаламтор қолданушыларының наразылығын туғызды
10 жыл бұрын 5884 Tengrinews.kz

Мектепте түсірілген кезекті видео Интернетте қызу талқыланып жатыр. Қолданушыладың бірі YouTube сайтына Шымкенттегі мектептердің бірінде түсірілген "2+2=5 деп айтқан кезде" атты видео жүктеді.

Кадрдан видеоның алгебра пәнінде түсірілгенін байқауға болады. Оқушылардың бірі тақтаның алдында тұрып цифрлар жазып жатыр. Оған мұғалім бүктелген қағаз лақтырып, оқушыны алақанымен ұрып жібереді. "Көбейтуді білмесең 11-ші сыныпта не істеп жүрсің?" - деп айқайлады ол.

Видеоға пікір білдірушілердің көзқарасы екіге жарылды. Кейбірі мұғалімнің ісіне қапа болып, "мұндайларға мектепте орын жоқ" деп жатыр. Ал басқалары болса 11-ші сыныпта көбейтуді білмеген оқушыларға кез келген мұғалімнің ашуланатынын айтты.

 

6 пікір
  • ой жынды неме!Окытпаса койсын урып неси бар биреудин баласын!Уйрету миндети!жуйкеси шыдамаса сабак бермесин!Адамга кол котер у ге хакысы жок мугалим болмак тугил директор болсада онбаган неме!
    10 жыл бұрын
  • Біздің елде мұғалімдер 30-40 жыл бойы сабақ беріп келеді. Мұғалімдер үшін осы еңбек стажын азайту керек деп ойлаймын. Мысалы әскери адамдар 45 жасында пенсияға кететіні сияқты. Офисте бір-екі адаммен жұмыс істегеннен гөрі, күніне 100-150 баланы оқытқан әлдеқайда қиын. Қазіргі балалармен жұмыс істеу өте қиын, ол әйелдің жұмысынан бөлек күйеуі, бала-шағасы, отбасы бар шығар. Үйде бір-екі баласына ие бола алмай отырған ата-аналар ұстаздарға рахмет айтса жарасар.
    Ал мына мұғалімді мен де түсіне алмай отырмын, мен бұл мұғалімді жақтап жатқан жоқпын, ол да жетіскеннен мұндай әрекетке бармасы анық, айлық аз, жұмыс көп, тіпті мектеп мұғалімдері қазір көше сыпырып, тал отырғызып, санақ санап түрлі жұмыстарды істейді, қала берді жан-жақтан неше түрлі қысым көрсетеді, әбден жүйкесі жұқарғаны көрініп тұр.
    Назерке Сакенова сізге айтарым мұғалімді ашықтан ашық балағаттап отырсыз. Ешкім аспаннан салбырап түскен жоқ, бәріміздің де ұстаздарымыз болды. Бұл видеоролик сізге ұстазды балағаттауға ешқандай құқық бермейді. Бұл ролик әлеуметтік желіге түсті, керекті орындар көрсе мұғалім тиісті жазасын алады деп ойлаймын. Қатты кеткен болсам ренжімеңіз.
    P/S: Мен де мұғаліммін бірақ мектепте емес.
    10 жыл бұрын
  • мен баггидің айтқанына қосыламын. өйткені, өзім де екі жыл мұғалім болып жұмыс істедім. мұғалімдерді әскерилер секілді ертерек зейнетке шығару керек
    10 жыл бұрын
  • Біздің де мұғалімдеріміз сабақ оқымайтын, бұзық балаларды бормен атып жіберетін немесе сыртқа шығарып ұрып келетін, әсіресе ер мұғалімдер ер балаларды жасыратыны жоқ ұратын, бұзық болса әрине. Сол кезде ешкім шағымданбайтын. Мұндай көріністер көбіне таңсық емес. Әсіресе мектептерде ондай болып тұрады. Сол үшін мұғалімдерге өкімет көңіл аудару керек деп ойлаймын.
    10 жыл бұрын
  • Көбейтуді білмей 11-сыныпқа дейін қалай өткеніне немесе өткізгеніне таңым бар?
    10 жыл бұрын
  • Аюды таяак уйрет кен уақыт отти,заманына карай тақияынды кии деген,заманын тулки болса тазы болып шал деген атам қазақ жиырма биринши ғасыр ұрып билим беретін уақыт емес деп ойлаймын озим
    10 жыл бұрын
Мұрағат