Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қазақстандықтардың жалақысына қалай әсер етеді?
|
Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүзеге асырылды. Бұл жоба жалдамалы қызметкерлердің жарнасын кезең-кезеңмен 2 пайызға, ал жұмыс берушілердің жарнасын 3 пайызға дейін көтеру мәселесін қарастырады. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі экономистердің пікірін білді.
Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғанов жарнаның 5 пайызы еңбекақы азаюы арқылы, яғни, қызметкерлердің жалақысы азаюы арқылы өтеледі деп болжап отыр. "Бірақ уақыт өте келе барлығы осы жаңа ережеге үйреніп, нарық барлығын реттеп, компаниялар өз бизнесі мен шығынын міндетті әлеуметтік сақтандыруды ескере отырып жоспарлайтын болады", - дейді экономист Арман Байғанов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру нарыққа айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін. "Өз жұмысшыларына ерікті медициналық сақтандыруды қолданатын көптеген ұлттық компания қаражаттарын міндетті әлеуметтік сақтандыруға қайта бөледі деп ойлаймын. Бұдан бірінші кезекте жеке меншік медициналық сақтандыру компаниялары зардап шегеді. Себебі, олардың негізгі табыс көзі ерікті медициналық сақтандыруда болатын. Ал енді ұлттық компаниялардың қызметкерлері жалпыға ортақ негізде мемлекеттік емханаларға баруға міндеттеледі. Жалпы айтқанда, мұндай аударымдар дамыған елдерде кеңінен таралған. Мысалы, Израиль бүгінде медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметті жоғары дәрежеде көрсетеді", - деді Арман Байғанов. Экономист халықтың басым бөлігі мемлекеттік клиникаларға баратынын айтты, себебі, жеке меншік клиникаларда тарифтер жоғары. "Бір жағынан шаруашылық есептегі емханалар науқастарды сапалы қызмет түрімен қамтамасыз ететін болады, себебі олардың жалақысы келушілердің санына байланысты болады", - деді Арман Байғанов.
Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі жөніндегі жиын барысында дәрігерлер денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа науқастарды емдеуге қажет қымбат жабдықтарды сатып алу үшін лизинг алудың қиын екенін айтты. Өз кезегінде министр медициналық көмекке кететін бюджет шығыны триллион теңгеге немесе бір адамға 55 мың теңге кететінін айтты. Оның айтуынша, 2025 жылы шығындар жалпы ішкі өнімнің шамамен 2,5 пайызын ғана құрайды. Осыған байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарна 5 пайыздан жоғары болуы тиіс.
Өз кезегінде Альпари сараптамалық департамент директорының орынбасары Наталья Мильчакова МӘМС бойынша салым жүйесі екі сатылы - салымдар жұмысшылармен де, жұмыс берушілермен де жасалатынын айтты. "Біздің көзқарас бойынша, мұндай екі сатылы салым жүйесі жұмыс берушілер айтарлықтай салмақты сезіну үшін енгізіледі. Екінші жағынан, мемлекет көбірек салым алағанымен, қызметкерлерге еңбекақы көтерілмейтін шығар. Алайда қаржылық жағдайы жақсы компаниялар еңбекақыларын инфляция деңгейіне қарай реттей алады, дегенмен, бұдан болмашы ғана ақша үстемеленеді. Оның айтуынша, еңбекақы 7 пайызға өссе де, оның 5 пайызын шегеріп қалғандықтан, пайда үлкен емес. "Бюджеттік сала қызметкерлері ұтатын болар. Мұнай бағасы көтерілген сайын, бюджет кірістері артады. Осыған байланысты мемлекетте қызметкерлер ақысын көтеруге қаржысы болады және инфляция көлемінің индексациясынсыз. Соныдқтан бұл бағдарлама қазіргі кезде АҚШ-та тоқтатылған Obamacare бағдарламасы сияқты тоқтатылады немесе айтарлықтай өзгертіледі. Өйткені, Америкада осы жоғарыда аталған бағдарламадан әлеуметтік топтардың бір бөлігі ғана пайда көріп, көпшілік шығынға батқан еді", - дейді сарапшы.