Желіде жазған қандай пікіріңіз үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін?
Желіде жазған қандай пікіріңіз үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін?
5 жыл бұрын 3093 bugin.kz Қырмызы Скендирова
Әлеуметтік желідегі құқық бұзушылық

Әлеуметтік желілер әлемді жаулаған заманда таңымыз кофе ішуден емес, лента парақтаудан басталады. Жарыса сурет салып, бір-бірімізден лүпіл мен пікір күтеміз. Алайда, бұлармен қоса жағымсыз пікірлер де жиі кездесіп жатады. 

Осындай "тентек" пікірлер үшін жазаға тартылатынын естен шығарып жатады.         

Қылмыстық Кодекстің 130-бабы.

Жала жабу дегеніміз - өзгенің қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, беделін түсіретін жалған ақпарат тарату. Мұндай әрекетіңіз үшін екі жарым миллион (245 000) теңге көлемінде айыппұл төлейсіз немесе бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру не шектеу жазасы қолданылады.

Көпшілік алдында және БАҚ-ты пайдалана отырып, әлеуметтік желілерде жасалған бұл әрекетке бес миллион (5 миллион) теңге көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру не шектеумен қатар түзету жұмыстарын өтеу міндеттеледі.

131-бап.Қорлау

Қорлау дегеніміз - адамның қадір-қасиетін әдепсіз түрде көпшілік алдында БАҚ, телекоммуникация, т.б. желілерді пайдалана отырып кемсіту. Яғни, бейәдеп сөздер қолдану, жеке қадір-қасиетіне байланысты кемсітетін пікір жазу.

Мұндай пікір үшін жарты миллион (500 000) теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 180 сағатқа (жеті тәулік) дейін қоғамдық жұмыстарға тартуы мүмкін.

147-бап.

Бұл бап бойынша егер сіз біреудің жеке басына қатысты ақпаратты оның келісімінсіз жинап, өңдеудің нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген жағдайда жауапқа тартыласыз. Әдетте бұл бап бойынша БАҚ өкілдері жиі жауапқа тартылып жатады.

Қолданылатын жаза түрі - жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру.

179-бап.

Адамдар топ болып алдын-ала сөз байласу арқылы ҚР Конституциясына, мемлекет қауіпсіздігі мен біртұтастығына нұқсан келтіретін ақпаратты БАҚ және телекоммуникация, түрлі желілерді пайдалана отырып таратқан жағдайда 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылады.

274-бап. Көрінеу (пиғылы анық мағынасында) жалған ақпарат тарату

Қоғамдық тәртіпке, азаматтардың заңды мүддесіне, қоғам мен мемлекеттің заңды қорғалатын мүддесіне нұқсан келтіретін жалған ақпаратты БАҚ, телекоммуникация, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, көрінеу ақпарат таратқаны үшін 12 миллион теңгеге жуық айыппұл немесе 2-5 жылға бас бостандығын айыру не шектеу жазасын өтейді. Ал қоғамдық тәртіп пен тыныштығын бұзатын ақпарат 400 сағаттық (17 тәулік) қоғамдық жұмысқа және екі жарым миллион (2 500 000) теңгеге дейін айыппұл немесе бір жыл бас бостандығын шектеуге алып келуі мүмкін.

ХХІ ғасыр - ақпараттар ағымы. Цензураға шек қойылған және демократиялы қоғамда өмір сүріп келеміз. Алайда, жеке бас еркіндігі, сөз бостандығы өзгенің жеке құқықтарына зиян келтірмеуі тиіс. Сол себепті, құқықтық сауаттылықты аса меңгеру керек.

0 пікір
Мұрағат