Жамбыл облысында «Қазақстан мериносы» атты жаңа қой тұқымы пайда болды
|
Baq.kz ақпарат көзінің zhambylnews.kz облыстықагенттігіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда, Жамбыл облысындағы іргелі шаруашылықтардың бірі -«Меркі асыл тұқымды қой» зауытында Шопан ата түлігінің жаңа тұқымы пайда болды.
Жақында ғана мемлекеттік және шетелдік комиссия бұл жаңалықты растауға келіп, қой тұқымын сараптамадан өткізді. Ғалымдардың жарты ғасырдай уақыт тер төгуінің нәтижесінде алынған асыл тұқымды биязы жүнді қойға «Қазақстан мериносы» деген атау берілді. Етті әрі сапалы жүнді қойдың асылдандыруға аз уақыт кетпеген. 1965-ші жылы «Оңтүстік қазақ мериносы» деген қой тұқымы шығарылып, оны ғалымдар Австралиядан әкелінген қошқарлармен будандастырған. Мамандардың бұл ізденісі оң нәтижесін берді.
Асыл тұқымды «Қазақстан мериносы» сапалы жүн береді әрі етті келеді. Біреуінен 15 келіге дейін жүн, 120 келіге дейін ет алуға болады. Жаздың ыстығы қыстың сауығына бейім. Бұл отандық мал шаруашылығы саласындағы жаңалық болып табылады.
«Меркі асыл тұқымды қой» зауытында бүгінде 26 мыңнан астам қой бар. Мұнда 300-ден аса ауыл тұрғыны еңбек етеді. Шаруашылық ұжымы алдағы уақытта төлдердің санын арттырып, одан әрі жетілдіруді қолға алуда. Қазірдің өзінде көптеген шаруалар асыл тұқымды қойларды алуға ниет білдіріп отыр.
-сілтемесі