Ғарыштан түсірілген найзағайдың сирек көрінісі (видео)
Ғарыштан түсірілген найзағайдың сирек көрінісі (видео)
4 жыл бұрын 3675 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Найзағай – қатаң физикалық заңдылықтың бір көрінісі десек те құпиясы толық ашылмаған құбылыс: әсіресе, сирек кездесетін түрлері – спрайт, көгілдір жолақ, эльф туралы талай айтылатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына жарияланған Еуропалық атмосфера-ғарыштың өзара әрекетіне монитор жүргізетін обсерваторияның (ASIM) Халықаралық ғарыш стансасымен бірігіп жүргізген зерттеу материалына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жер бетінен 400 шақырым биіктіктегі халықаралық ғарыш стансасынан бақылай отырып, ASIM мамандары ауа райының құбылыстары мен сипатын жаңа қырынан танытады. Оптикалық камералар мен фотометр, рентгендік және гамма-сәулелі детектор құралдары 2018 жылы орнатылған болатын. Бұл құралдар атмосфераның жоғары қабатына да өтетін дауылды ауа райында пайда болатын электр разрядын іздеуге арналған. Халықаралық ғарыш стансасы алғаш рет тәжірибе аясында атмосфераның жоғарғы қабатындағы  қарқынды көгілдір жолақ сипатталған. Көгілдір жолақ – бұлттардан жоғары атылатын найзағай пішіні. Оның биіктігі стратосферада (атмосфераның жоғарғы қабаты) 50 шақырымға жетуі мүмкін. Ғарышкерлер Тынық мұхитындағы Нару аралы маңындағы бұлтта пайда болған 10 микросекундты найзағайдың қарқынды жарқылыннан пайда болған көгілдір жолақты өлшеп көрген екен.  Жай отының жарқылы өз кезегінде эльфті тудырған: эльф ионосфера түбіндегі оптикалық және ультракүлгін сәуленің шеңберін шапшаң кеңейтеді. Бұл арада электрон, радиотолқын және атмосфера өзара әрекеттесіп, таспаға тартып алынған көріністі тудырған.

0 пікір
Мұрағат