Ғалымдарымыз табан беретін жылқы түрін ойлап тапты (ВИДЕО)
Ғалымдарымыз табан беретін жылқы түрін ойлап тапты (ВИДЕО)
10 жыл бұрын 13945

Қазақстан ғалымдары қыстың қақаған суығына да, жаздың аптап ыстығына да төзімді жылқының жаңа тұқымын «ойлап» тапты. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жылқының бұл түрін жемдемесе де салмағын жоғалтпайды. Мұндай жылқының салмағы жарты тоннаға дейін жетуі мүмкін. Яғни, қазақтың сөзімен айтқанда қазысы табан беретін жылқылар болмақ. Қазақ мал шаруашылығы институтының жылқы шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Амин Әкімбековтың айтуынша, жылқының осынау түрінен қазы-қарта, жал-жая, шұжық секілді дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдарды молынан дайындауға болады екен. Ғалымдар Павлодар облысындағы Селекті ауылында ең белді айғырлар мен байталдарды 40 жыл бойы будандастырып келгенін жеткізді. Жылқының жаңа тұқымы өсіп-өнетін фермада орындалатын Құрманғазының күйіне елтіген биелер иіп, оның біреуі күніне 16 литрге дейін сүт беретін көрінеді. Одан қымыз өндіріледі. Жылқының жаңа тұқымы еліміздің үш облысында, атап айтқанда, Павлодар, Қарағанда және Алматы облыстарында бағылады. Алматы облысында мұнымен даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров айналысады. Селекционерлер «Жыл жаңалығы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 200 мың теңге көлемінде жүлдеге ие болды. Бұл қаражат балалар үйіне аударылды.

 

1 пікір
  • Негізі ақпарат құралдарының барлығына дерлік сене беруде пайда бар деген сенімді қатты ұстанбайтын бірімін. Дегенмен, мына бір сөйлем көкейімде қызығушылық танытқаны рас. "Құрманғазының күйіне елтіген биелер иіп, оның біреуі күніне 16 литрге дейін сүт беретін көрінеді." - Егер мұны жақсы әрі нақты түрде дәлелдейтін болса, әлемдік дәрежеде сенсация түріне айналдыруға болады...
    10 жыл бұрын
Мұрағат