Елімізде көмірді экологияға зиясыз жолмен жағу технологиясы пайда болды (видеосы орысша)
Елімізде көмірді экологияға зиясыз жолмен жағу технологиясы пайда болды (видеосы орысша)
4 жыл бұрын 5295 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Еліміздегі аз уақыт ішінде бәсекелестік қабілетімен танылып келе жатқан Назарбаев университетінің мамандары экологияға зиянын тигізбей көмір жағудың әрі жылу мен электр энергиясын тиімді өндіруді қамтамасыз ететін технология ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған жоғарғы оқу орнының ғалымдары бұл мақсатта «Таза көмір технологиясы» деп аталатын зертхана ашты. Аталмыш жобаға Назарбаев университетінің техника ғылымдарының докторы Қалқаман Сүлейменов жетекшілік етті. Ғалымдар бұл бағытта «Самұрық-Энерго» және NURIS мамандарымен бірігіп, үш жыл бойы жатпай-тұрмай ізденген екен. Нәтижесінде экологиялық жағынан қауіпсіз «айналмалы қайнаған қабатты» технологиясы қолданылған қазандық пайда болды. Қалқаман Сүлейменовтің айтуынша, мұндай пеште жанған көмір шоғынан күкірт диоксидін аулау деңгейі көмірдің сапасына қарамастан 40-90 пайызға дейін жетеді. Ал азот тотығының эмиссиясы қалыпты текше метрге шаққанда 150-200 миллиграмнан аспайды. Былайша айтқанда, өзге технологиялармен салыстырғанда таза газ алуға болады. Бұл бағыттағы тәжірибе үшін Екібастұз кен орны таңдалды. Неге десеңіз, еліміздегі көмір стансалары еліміздегі электр энергиясының шамамен 60 пайызын өндіру үшін осы кен орнының шикізатын пайдаланады. 

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат