Ел жаңалықтары: Маңғыстаулық әже туризмнің жаңа түрін ойлап тапты
Ел жаңалықтары: Маңғыстаулық әже туризмнің жаңа түрін ойлап тапты
10 жыл бұрын 3413

Бұл жайында nur.kz ақпарат көзінің хабарлауынша маңғыстаулық зейнеткер туризмді дамытудың жаңа бағытын ойлап тапты. Шетпе ауылының тұрғыны Рухия Құлсариева өзінің үйінен туристерге арнап ұлттық нақыштармен безендірілген қонақ бөлме ашқан.

Тың бастама саяхаттап келушілерге қазақтың салт-дәстүрімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татудың зор мүмкіндігін ұсынып отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпкерге қайтарымсыз негізде 335 мың теңге қаражат берілген.

Мұндай қонақүйлер туристердің жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрімен жақын танысуы үшін аса қажет.

Игорь Лаптев босы шаңырақтың алғашқы әрі құрметті қонағы. Туған өлкесінің өзі білмейтін тарихын терең тану көптен бері ойында жүрген. Арманын орындауға Шетпе ауылында ашылған қонақ бөлме түрткі болды. Жаңалықты ести сала, бірден осында ат басын бұрды. Есесіне қазақтың салт-дәстүрімен етене танысып, ұлттық тағамынан дәм тату бақыты бұйырды.

"Қазақ қонақжай халық деп айтатын. Бүгін үй иесінің ыстық ықыласын көріп, сол сөздің растығына көзім жетті. Мұндай қонақүйлер туристердің жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрімен жақын танысуы үшін аса қажет. Басқа қонақүйлерге қарағанда, мұндағы баға да тиімді деп ойлаймын", - дейді саяхатшы  Игорь Лаптев.

Жүннен жасалған бұйымдар, құрақ көрпелер мен қазақы оюлармен өрнектелген кәдесыйлар. Рухия Құлсариева туристерге арналған бөлмені ұлттық нақыштағы бұйымдармен сәндеген.

Ол үшін қайтарымсыз негізде 335 мың теңге бөлініпті. Зейнеткер енді үйінен саяхатшылардың үзілмейтініне сенімді.

"Біздің үйдің ерекшелігі туристерге арналған және қолдан жасалған бұйымдармен жабдықталған. Жоба БҰҰ Даму бағдарламасының аясында жүзеге асты", - дейді жеке кәсіпкер Рухия Құлсариева.

Бөлінген грантты ұтып алған "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымы қонақ бөлмеге қажетті жиһаздарды жеткізіп берген. Осылайша өңірдегі экологиялық туризм жаңа бағытта дамитын болды.

Бұл – әзірге пилоттық жоба. Жақын күндері туристерге арналған үйлер басқа да ауылдарда пайда болмақ. Тіпті кейбір азаматтар өз қаржысына қонақ бөлме ашуға кіріскен.

 

Дүние жүзінде еліміз ұнды сыртқа шығарудан бірінші орында

Бұл туралы «Алматы» телеарнасының «Іскерлер уақыты» бағдарламасында Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді. 

«Қазақстанның сапалы өнім шығаруға мүмкіншілгі бар. Еліміз дүние жүзінде ұнды сыртқа шығарудан бірінші орында. Мен Өзбекстанда болдым, сонда ең сапалы ұндар Арқалықтан келетіндігін айтты. Қазақстан кәсіпкерлері жақсы өнімдер шығарып, жоғары атаққа ие болатындай мүмкіндіктері бар. Мысалы, былтыр Ресейден мың жүз атты тауар келсе, біз оларға 700 атты тауар жібергенбіз. Олар бізге 15 млрд доллар ақша жіберсе, біз оған 5 млрд доллар қайтардық. Сонда біз Ресейге үш есе артық жіберіп жатырмыз. Сондықтан біздің бизнесмендерді ұтылып қалды деп айтуға болмайды», - деді Алшанов. 

 

Спортпен айналысатын халықты 25%-ға жеткіздік - Б.Сапарбаев

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында баяндама жасаған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев халық арасында салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатары артқанын мәлімдеді.

- Құрметті Елбасы! 2020 жылға дейін спортпен белсенді айналысатын халықты 30 пайызға жеткізу керек деген тапсырмаңызды жер-жерлерде өте сәтті жүзеге асырудамыз. Сан-түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халықты салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу ісін белсенді іске асыру нәтижесінде бүгінде оның көрсеткішін 25 пайызға дейін жеткіздік, - деді вице-премьер.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында тұрғындардың денсаулығына ерекше мән беріп келеді. "Қазақстан-2050" Стратегиясында Елбасы қазақстандықтардың 30 пайызы 2020 жылға дейін белсенді түрде спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы тиіс деп атап кеткен болатын.  

0 пікір
Мұрағат