Араб туристері қай елде демалады?
Араб туристері қай елде демалады?
9 жыл бұрын 2809

Соңғы төрт жылда Парсы шығанағы елдерінің Түркияға баратын туристері 40%-ға артқан. Бұл көрсеткішті нақты санмен өрнектесек, 6 913 000 адамды құрайды. Бұл деректі Қара теңіздің шығыс бөлігін дамыту агенттігінің бас хатшысы Шетин Оқтай Йылдырым келтірді. Мәселен, 2014 жылы Түркияға келген туристердің дені Сауд Арабиясының азаматтары (314 768 адам), Біріккен Араб Әмірліктерінен – 53 736 адам, Кувейттен – 133 128 адам. Бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 30%-ға артық. Дей тұрғанмен Түркияға келетін туристердің саны жағынан немістер алда тұр – 3 000 000 адам, ағылшындар – 2 000 000 адам. Бір қызығы, арабтар мен еуропалықтардың осы елдегі демалысқа жұмсайтын шығындарының арасында жер мен көктей айырмашылық бар болып шықты. Парсы шығанағынан туристер бір келгенде орташа есеппен алғанда 5-6 мың доллар тастаса, еуропалықтар 1 мың доллардан артық шығынданбайды екен.

0 пікір
Мұрағат