Билл Гейтс босқындар жөнінде
Билл Гейтс босқындар жөнінде
7 жыл бұрын 3572 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Microsoft-тың негізін қалаған, әлемдегі аса дәулетті адамдардың бірі, десе де байлығымен емес, білімділігімен аты шыққан Билл Гейтс немістердің Welt am Sonntag мерзімді басылымына берген сұхбатында еуропалық елдерді, соның ішінде, Германия билігін Африка құрлығынан ағылған мигранттарға тосқауыл бола алмай отырғанын сынады. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. "Сіздер неғұрлым жомарт болсаңыздар, соғұрлым бұл туралы айтатын болады. Бұл өз кезегінде Африканы тастап кететіндердің қарасын арттырады",- деді ол сұбатында. Миллиардер Еуроодақты африкалықтардың кәрі құрлыққа өтетін дәлізді қатаң бақылауға алуға шақырды. Сондай-ақ, ол Германия канцлері Ангела Меркелдің жалпы ішкі өнімнің 0,7 пайызын сыртқа көмек ретінде шығындайтын саясатын қолдап, өзге еуропалық елдерді Германиядан осы мәселеде үлгі алуға үндеді. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Reuters ақпарат ресурсы келтірген дерекке сай 2015 жылы Германияға Таяу Шығыстан 890 мың босқын ағылса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 280 мың адамды құраған. Яғни, Германияға ағылған босқындар қарасы едәуір азайған.  

0 пікір
Мұрағат