Баянауылға аққулар қайта оралды
Баянауылға аққулар қайта оралды
10 жыл бұрын 4100

Баянауыл ауданының Қаражар ауылына аққулар ұшып келді. Бірнеше жылдан бері киелі құстар осы аймаққа қонбай кеткен еді, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақпараттық агенттікке орнитолог-өлкетанушы Сергей Чикиннің хабар бергендей, аталмыш өлкеге ара-тұра тек қана тундралық аққулар аялдама жасайтын, деп ақпарат таратты pavlodarnews.kz.

«Олар оңтүстік Азиядан Арктикадағы Ямал аралына дейін ұшады. Кейде олардың бағыты өзгеріп тұрады. Сондықтан қанаттылардың бұл түрін жыл сайын бір жерден көру мүмкін емес. Біздің жаққа аққулардың келуіне Ертіс өзені себеп болса керек, өйткені Ертіс Обь өзеніне құяды. Ал, Обь - арктикалық өзен», - деді С.Чикин.

Сондай-ақ С.Чикин атап өткендей, өңірімізде аққулардың екі түрі мекендейді - сұңқылдақ және сыбырлақ аққу. Олар қырлы елді мекендегі өзен-суларда ұя салады. Басым бөлігі Май ауданында қоныстанған.

Аққулардың барлығы дерлік еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.

«Аққуды атуға тыйым салынған, бірақ броконьерлер оларды қырудан тыйылар емес. Аққулардың азаюына адами факторлар да әсер етеді. Құстар қоныстанатын мекендерге адамдар ат басын тіреген сайын киелі құс ол жерлерден алшақтай береді»,- деді орнитолог-өлкетанушы Сергей Чикин.

1 пікір
  • Құрметті отандастар!
    Ғылымның, мәдениеттің, білімнің және жаңа технологиялардың дамымайынша, ұлттық экономика саласы мен қоғам өмірінің барлық салаларының дамуы мүмкін емес екеніне сөз жоқ.
    Білім саласының дамуына, әсіресе, техникалық ғылымдардың, жаңа технологияларды зерттеу саласына баса мән беретін елдің өркендеу мен гүлденуге жететінін алдыңғы қатарлы елдер тәжірибесінен көруге болады. Сондықтан біз ғылым мен білімнің, техника мен жаңа технологияны енгізудің отандық салаларын дамытып, жағдай талаптары мен зерттеушілердің жұмысын жақсарту арқылы еліміздің жаңа жас ғалымдарын тәрбиелеп, және де техникалық және технологиялық ойлауды іске асыруымыз қажет.
    Мектеп мекемелерінде оқытушылар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар тарапынан қазіргі технологияларды қолдануды кең түрде жөнге салу керек. Біздің мақсатымыз – еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытып, әлемдік деңгейдегі стандарттарға қол жеткізу және осы негізде мемлекеттің гүлденуін қамтамасыз ету болып табылады. Біздің азаматтарымыздың терең де нақты және техникалық білімі болса, елдің техникалық және технологиялық әлеуеті одан әрі нығайса, біз осы мақсатымызға жетпекпіз.
    Ел үкіметінің мақсаты – елімізде ғылым мен білімнің жоғары құндылықтарға айналуы, ғалымдарымыздың, әсіресе, жас ғалымдарымыздың жаңа өнертабыстар мен ашылулар жасауы. Елдің техникалық және технологиялық дамуын қамтамасыз ете отырып, отандық ғылыми жетістіктерінің қазақ халқының мүддесіне жұмсалуы үшін іргелі ғылымдарға мықты негіз қалау маңызды.
    Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абай, Қаныш Сәтпаев, Мұхамеджан Тынышпаев, Ермұхан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан, Ыбырай Алтынсарин, Дінмұхаммед Қонаев, Санжар Асфандияров, Халел Досмұхамедов сынды тағы да басқа қазақ халқының ұлы ғалымдары мен ойшылдары өздерінің шығармашылықтарының мазмұнын ғылым мәнінің ізденісіне арнауға тырысты.
    Олар өз кезеңдерінің ғалымдары ретінде түрлі ғылымдарда ұлы ғылыми ашылулар мен жетістіктерге жетті.
    Ұлы ойшылдардың шығармашылығында бақыланатын терең талдаулардан олардың ғылым мен білімге деген берілгіштігі, және де ғылымдардың қайта өрлеуіндегі ұлы тәжірибені көруге болады.
    Ұлы ойшылдарымыздың еңбектері бүгінгі күні ғылым мен ағартушылық жолында өзін құрбан етудің жарқын үлгісі саналады.
    Осыған байланысты, сіздерге, қазақ жастары, ұлы бабаларымызға лайықты болу және өздеріңіздің жаңа ашылулар мен зерттеулеріңіз арқылы отандық ғылымның мәртебесін көтерулеріңіз қажет.
    Түсті металлургия, археология, медицина, нақты ғылымдар саласындағы қазіргі ғалымдарымыздың ашылуларын біз мақтан етеміз, себебі, олардың жетістіктері барлық әлемде қолданылады. Жаһандану үрдісінің жаңа процесінде және жаңа ғылыми-техникалық өзгерістерде жаңа ашылуларсыз, жоғары сапалы және кәсіби мамандарсыз қоғамның дамуы мүмкін болмағандықтан ғалымдарымыз ары қарай жемісті еңбек етіп және жаңа ашылулар жасау үшін оларға кең ғылыми мүмкіндіктер қалыптастыру өте маңызды.
    Зияткерлік әлует пен ел зиялыларына арқа сүйеу біздің басымдылығымыз болып табылады. Еліміздегі ғылымның дамуы ұлттық бірліктің маңызды факторы болуға тиісті.
    Біз барлық жерде ғылыми жетістіктерді қолданып, елдің зияткерлік әлуетіне баса назар аударуға және оны елдің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени өміріндегі маңызды сұрақтарында қолдануға тиістіміз. Ғалымдарымыздың ұсыныстарын, ғылыми білімдері мен тәжірибелерін кең түрде қолдануымыз керек. Ұлттық табыс пен гүлденуіміздің кепілі осында жатыр.
    ХХІ ғасыр – ғылымның, техника мен жаңа технологияның үдемелі дамуының ғасыры, ғылым мен ғылыми-техникалық прогрестің жаңа көкжиектерінің ашылулары ғасыры, зерттеу деңгейі мен ғылыми жетістіктердің іске асуы, алдымен, оқыту дәрежесі және сапасына, оқытушылардың тәрбиесі мен тиімді қызметіне, оқушылар мен студенттердің сапалы білім алуына байланысты болмақ.
    Қазіргі уақытта ғылым-білімге деген талаптар көбейіп, ғылым бағасыз қайнар көзге, өндірістік әлует пен қоғамның байлығына айналып барады. Өмір мен қазіргі әлем әр қоғам мүшесінен білімге, ағартуға, мамандық пен кәсіпке ие болуын талап етеді.
    Қойылған мақсатымыз - елдің модернизациялануы мен өміріміздің ары қарай либеризациялануына сүйеніп, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан лайықты орын алу үшін білім мен тәрбие жұмыстарын жаңа да жоғары деңгейге көтеруімізді уақыттың өзі талап етеді.
    Өмірдің қалай өзгеріп отыратыны мен түрлі күштер тарапынан жастар санасын жаулап алу әрекеттерінің күшейіп бара жатқаны барлығымызға жақсы белгілі. Осындай қиын жағдайларда жас ұрпақтың жоғары руханилыққа, мықты ерік пен берік сенімге, Отан тағдырына қатыстылық сезіміне ие болуы үшін, ұлттық ерекшелік пен қандай ұлы бабалардың ұрпағы екенін түсінуі үшін, бізге жат әсерлер мен зиянды ағымдарға қарсы тұруы үшін біз ел жастары арасында тәрбиелік жұмыстарымызды күшейтуге міндеттіміз.
    Мектептің ары қарай дамуы жасампаз да шығармашыл ұрпақтың жігері мен талабына, және де жоғары сапалы оқытушылардың жемісті еңбегіне қатысты. Ғылымды игерген, ұлты мен Отанына адал, жоғары білімді ізбасарларымызға деген үлкен жауапкершілікті бүгіннен бастап сезінбесек, біздің ұлттық намысымыз ақырындап формальдылыққа айналып, өзіндік мән-мағынасын жоғалтып алады.
    Оқу сапасын жақсарту, оқу бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау мен іске асыру, ғылыми жұмыстарды кафедраларға бағыттауды күшейту, студенттердің ғылыми үйірмелерінің қызметі, дарынды жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, оқулықтарды мемлекеттік тілде даярлау, жас оқытушыларды көтермелеу білім саласының дамуының маңызды факторлары болып саналады, осы негізде, техникалық ой-өрістің қалыптасу факторы да болып табылады.
    Ғылымның өндіріспен байланысы алғашқы баспалдақтан басталатындықтан, алғашқы курстардан бастап студенттердің ақыл-ой жұмыстарына лайықты ден қойып, ғылыми жұмыстар мен зертханалық тәжірибелерге тарту процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы ғана еліміздің болашағын қамтамасыз етуге нағыз мамандар даярлай аламыз.
    Осы бағыттағы проблемалар мен кемшіліктер: жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби дайындығының деңгейге сай келмеуі, мамандар жетіспеушілігі, кадрлар даярлаудың оқу-әдістемелік негіздерінің жоқтығын жою – ҚР Білім және ғылым Министрлігінің ең негізгі міндеттері.
    Бүгінгі қоғам бізден студенттер мен мамандар даярлауда санына емес сапасына басты назар аударуды талап ететіндіктен, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудың сапасына қатты көңіл бөлуіміз керек.
    Жоғары білім жүйесіндегі басқа маңызды сұрақ – ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту. Бұл болашақ мамандарымызға жақсы кәсіби тәжірибе мен дағдыға ие болуға, өзін өндірістегі тиімді қызметке дайындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні маңызды мәселелердің бірі жоғары оқу орындарындағы ғылыми әлуеттің күшеюі. Ішкі құралдарды тарту арқылы университеттер мен институттар ішінен ғылыми-зерттеу институттарын ашып, қойылған ғылыми зерттеулер жоспарын қатаң түрде жүзеге асыру керек.
    Білім Министрлігінің келесі маңызды мәселесі – жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жетілдіру мен жоғарылату. Ғылым мен білімнің айтқысыз жағдайларында оқыту әдістемелері жедел қарқынмен іске асып жатқаны белгілі. Базалық ЖОО-ның ғылыми және ғылыми-әдістемелік әлуеті мен тәжірибесін пайдалану оқытушылар қызметінің деңгейін көтеру үшін маңызды. Бұл жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жоғарылату Институтын құруды талап етеді. Осыған байланысты, Білім Министрлігі жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жоғарылату Институтын ашуға байланысты сұрақты жан-жақты талдап, осыған қатысты ұсыныстарын маған таныстыруын сұраймын.
    Негізі, егемен мемлекетіміздің саясатындағы білім саласы бірінші дәрежелі мәртебеге ие, сондықтан білім саласы мен жаңа мектептер құрылысын қаржыландыруды үлкейтуіміз керек.
    Қымбатты достар!
    Қымбатты Атамекеніміздің дамуы мен гүлденуі үшін күресулеріңіз керек. Студенттік жылдар өмірдің ең қызықты да ұмытылмас кезеңі, себебі ол тұлғалардың қалыптасатын кезеңі. Студенттер оқу жылдарында қоғам мүдделерін ескере отырып, ғылыми білім мен өзгелердің өмірлік тәжірибелерін зерттеу арқылы өзіндік дүниетанымын кеңейтеді және өздерін дербес өмір сүруге үйретеді. Осыған байланысты, сіздер өмірлеріңіздің қайталанбас шағының әр минутын тиімді пайдалануға тиістісіздер.
    Алға қойған мақсатымыз – біздің балаларымыздың физикалық және рухани жағынан сау болып қана қоймай, өздері өмір сүретін және еңбек ететін ХХІ ғасырдағы талаптарға толық сай келетін, ең жаңа зияткерлік білімге ие, жан жақты да үйлесімді дамыған адамдар болуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасау.
    Ендігі назарларыңызды аударғым келетін мәселе – студенттер арасындағы тәрбиелік жұмыстардың жағдайы. Жақсы ой-өріске, адал ниетке, жоғары патриоттық сезім мен ұлттық танымға ие болмаған студенттер және мамандармен бірге дені сау, өркениетті қоғам құру мүмкін болмайды. Бірақ, өкінішке орай, мектептер мен ЖОО жетекшілері, соңғы уақытта тәрбиелік жұмыстарға лайықты түрде көңіл бөліп жүрген жоқ. Бұдан былай, еліміздің білім беру мекемелеріндегі жетекшілер қызметін қарау кезінде мектеп пен ЖОО-ғы тәрбиелік жұмысқа қосқан үлесін ескеруіміз керек. Тәрбиелік жұмысы қалыптаспаған ЖОО-ның жетекшілерінің бұл мекемені басқаруға моральдық құқықтары жоқ. Қазақ Еліміз болашақта дамыған, жақсы жабдықталған елге айналуын қаласақ – өсіп келе жатқан ұрпақтың, дарынды жастардың, новаторлар мен нағыз туындыгерлердің біз жасаған жағдайларды қолдана отырып ғылыммен, шығармашылықпен және новаторлық жұмыспен тиімді айналысуы үшін, бүгіннен бастап оларды оқыту мен тәрбиелеуге барлық жағдайларды қамтамасыз етуіміз қажет. Осындай маңызды мәселелердің жүзеге асуы оқыту мен тәрбие жүйесінде әлемдік жаңа стандарттарды қамтамасыз етудегі ұлттық мақсаттарымызға жетуге мүмкіндік береді. Бұндай жүйе дамыту мен оқыту сапасының қарқынын үдетеді, қоғамның, елдің әр тұрғынын рухани тәрбиелеуге жағдай жасайды.
    Сіздердің үлкен мүмкіндіктеріңіз бен әлуеттеріңізді қолданып, осы биік те тарихи мақсаттарымызға жететінімізге сенімдімін.
    Бұл, қоғамның алда жүретін, үлгілі де белсенді қабаты – зиялылардың сан және сапа жағынан жақсаруына әсер етеді. Олар адамдарды бейбітшілікті, бірлікті, мемлекеттілікті нығайтуға, отандастарының мемлекеттік нышандары – Туына, Елтаңбасына, Әнұранына деген махаббаты мен сенімін қорғауға бағыттаулары тиіс.
    Ғылым мен білімге бастайтын шексіз жолда мықты денсаулық, бейбіт өмір, жаңа табыстар тілеймін!
    Әрқашан дендеріңіз сау және бақытты болыңыздар!
    10 жыл бұрын
Мұрағат