Бал фестивалі өтеді
|
Үстіміздегі жылдың тамыз айының 30-нда осымен бесінші мәрте халықаралық бал фестивалі өтеді. Бұл жайында Қазақстандағы марал шаруашылығы қауымдастығының төрағасы, «Қазақстан омарташысы» деп аталатын ғылыми-өндірістік жүйенің мүшесі Нұрлан Тоқтаров хабардар етті. Оның айтуынша, бал өндірудің қыр-сырын жетік меңгерген әйдік мамандардың басын қосатын осынау айтулы шара Өскемен қаласының өзінде өтеді. Сондай-ақ, бұл шараға Израиль, Түркия, Қытай, Румыния және Франция секілді алыс-жақын шет елдерден сарапшылар арнайы келіп қатысады. Шетелдік әріптестер бал шаруашылығы саласында инновациялық технологияны қолданудағы өздерінің тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар, ол өз сөзінде баал шаруашылығына мемлекет тарапынан көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етті. Бұған қоса, облыс бюджетінен қосымша демеуқаржы (субсидия) бөлінетінін де ұмыт қалдырмады. «Фестиваль басталған кезде жылына 400-500 тонна бал өндірілетін. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 20 мың тоннадан асады»,- деді ол сөзінің соңында.
Фетивал - ФеСтивалЬ