Ауыл тұрғындары «Қазпошта» бөлімшелерінен теміржол билеттерін сатып ала алады
Ауыл тұрғындары «Қазпошта» бөлімшелерінен теміржол билеттерін сатып ала алады
8 жыл бұрын 2762 ҚазАқпарат

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақстан теміржолы» және «Қазпошта» ұлттық компаниялары пошта бөлімшелері арқылы теміржол билеттерін сату жөніндегі бірлескен жобаны іске қосты. 

Енді қазақстандықтар еліміз бойынша 800 пошта бөлімшелерінен (оның 500-і ауылдық және аудандық бөлімшелер) қалаған бағытқа билет сатып ала алады.

Ең бастысы, ауыл тұрғындары үшін қалаға шапқыламай, жақын маңдағы бөлімшеден билет алу мүмкіндігі туды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

Алғаш рет жоба 2015 жылдың мамыр айында Ақтөбе облысы мен Астана бөлімшелерінде тәжірибе ретінде іске қосылған еді. Мамырдан қараша айына дейін 2 мыңнан астам теміржол билеттері сатылып, бұл қызмет жергілікті тұрғындар тарабынан  оң бағасын алды.

Қазір Қазақстан бойынша 3 мыңнан астам пошта бөлімшелері болса, оның 2160-і ауылдық жерлерде орналасқан. Аталмыш қызмет кезең-кезеңмен барлық облыстарды түгелдей қамтитын болады.

Бұл «Қазпоштамен» бірлескен жобаның алғашқысы емес. Жуырда «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен пошталық корреспонденцияларды жедел тасымалдау қызметі іске қосылды. Қазірдің өзінде Астана және Алматы-2 вокзалдарында орналасқан «Қазпошта» нүктелерінде салмағы 3 кг дейінгі сәлемдемелер қабылдануда. Олар бұдан былай тәуліктен аз уақыт ішінде пойызбен діттеген жеріне жедел жеткізіліп отырылады.

1 пікір
Мұрағат