Ғалымдар Жердегі тәулік ұзақтығының артатынын болжады
Ғалымдар Жердегі тәулік ұзақтығының артатынын болжады
8 жыл бұрын 3198

АҚШ, Канада мен Францияның геофизиктері Жер бетіндегі тәуліктің ұзақтығы артады деген болжам жасады, - деп хабарлайды «tengrinews.kz» сайты «Lenta.Ru» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Ғалымдар зерттеу нәтижелерін Science Advances журналына жариялады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, XXI ғасыр бойы күн сайын әр тәуліктің ұзақтығы ең кемі бес миллисекундқа ұзарып отырады, ал Жердің солтүстік полюстен өз осін айналуы алдағы жүз жылда бір сантиметрге жылжиды. Ғалымдар мұндай тұжырымға Жердегі мұздықтардың еру қарқынын талдағаннан кейін келді. Ол солтүстік өңірлерден (әсіресе Гренландиядан) материялардың экваторға қарай қайта бөлінуіне әкеп соғады, соның салдарынан ғаламшардың өз осін айналуы бәсеңдейді.

Геофизиктер өз жұмыстарында 2002 жылы зерттеу жүргізген мұхиттанушы Вальтер Манктың мәліметтерін нақтылай түсті, ол Жер бетіндегі жаһандық жылынудың салдарынан еріп жатқан мұздықтардың Жердің өз осін айналуына қалай әсер ететініне арналған. Айта кетейік, ол кезде Манк ешқандай әсері жоқ деп топшылаған, алайда геофизиктер өз зерттеулері арқылы ол нәтиженің ХХ ғасырдағы теңіз деңгейінің көтерілуіне дұрыс баға берілмеумен байланысты екенін анықтады (1-1,5 миллиметрдің орнына 2 миллиметр).

0 пікір
Мұрағат