Атырауда мешітте ерсі мінез танытқан тұрғын жазаланды
Атырауда мешітте ерсі мінез танытқан тұрғын жазаланды
10 жыл бұрын 2928

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мешітте ерсі мінез танытқан жергілікті азаматқа 99 мың 100 теңг айыппұл салды. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

2015 жылдың 2 қаңтарында Атырау қаласының тұрғыны орталық мешітте дауыс көтеріп, мешіт қызметкерлеріне дөрекілік танытып, ішкі тәртіпке бағынбаған, намазға келген жамағаттың мінәжат жасауына кедергі келтірген, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 2-тармағы, яғни "заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру" бойынша айыпты деп танылды.

0 пікір
Мұрағат