Астанада «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» атты семинар өтеді
|
Елордада 28-30 қазан күндері «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ және «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу Орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» деген тақырыпта біліктілігін арттыру семинары өтеді.
Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу саласында қызмет атқаратын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері өкілдеріне арналған үш күндік семинарда дін аясындағы заңнамалар, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдардың Қазақстан Республикасындағы қызметі, дәстүрлі қазақ құндылықтарын мен діни сауаттылықты арттыру мақсаты қарастырылады.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға радикалды бағыт ұстанған және дәстүрлі емес дін өкілдерімен, тәжірибе жүзінде жанжалды болдырмаудың және оны алдын алудың тұстарын түсіндіру мақсатында, «Діни негіздегі дау-дамайлар» атты тренинг өткізіледі.
Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады.