|
Корея аюдың өтін өндіруге тыйым салды
|
Оңтүстік Кореяда аюдың өтін өндіруге тыйым салынды, деп хабарлады 24.kz
Билік мұндай шешімді жануарларды қорғау мақсатында қабылдап отыр. Енді заңды бұзғандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінде 200-ге жуық аю әлі де темір торда өсіріліп жатыр. Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі фермерлер жабайы аңдарды сатып жібергенге дейін оларға алты айлық жеңілдік кезеңі мен қаржылай қолдау ұсынылатынын мәлімдеді. Жалпы Оңтүстік Кореяда аюдың өтін дәрілік мақсатта пайдалану үшін аңдарды фермада өсіруге 1980 жылдардың басында рұқсат берілген. Бірақ бұл индустрия әуел бастан қоғамның сынына ұшыраған еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді