2020 жылы қандай мамандықтарға ең көп грант бөлінеді? Халықтың кейбір санаттарына мемлекеттен грант алу жолдары жеңілдетілді
2020 жылы қандай мамандықтарға ең көп грант бөлінеді? Халықтың кейбір санаттарына мемлекеттен грант алу жолдары жеңілдетілді
4 жыл бұрын 4261

ҚР білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. 

Құжатқа сәйкес, биыл жоғары білімі бар кадрларды даярлауға - 53864 грант бөлінді. Ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына - 12915, бейінді магистратураға - 710 және PhD докторларына- 2355 грант бөлінді.

Инженер кадрларын даярлауға 2020 жылы ең көп грант бөлінеді - 14681 грант. Оның ішінде құрылыс мамандықтары үшін - 2500 грант, электротехника және энергетика мамандықтарына - 1800, тау-кен өндірісі - 1702 грант.

Гранттар саны бойынша екінші орында - педагогика - 8243 грант. Оның ішінде 789-ы "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" бағыты бойынша мамандандырылған, елде шет тілдері мұғалімдері жетіспейді - 760 грант, химия - 740 грант, физика және биология әрқайсысына 730 грант.

4088 - грант жаратылыстану, математика және статистика салаларына бөлінген;
3815 - грант ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үшін;
2700 - грант денсаулық сақтау саласына; 
1565 - грант ауыл шаруашылығы үшін;
979 - грант іскерлік, басқару және заңгерлік мамандықтарына.

Барлық мамандықтар бойынша грант тізімін бұйрық қосымшаларынан қарауға болады.

Халықтың кейбір санаттарына мемлекеттен грант алу жолдары жеңілдетілді

Бұдан былай халықтың кейбір санаттары "Еңбек" бағдарламасы арқылы берілетін грантты арнайы оқу курстарынан өтпей алатын болды. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Бұдан былай балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұялар, жұмыс күші басым өңірлерден көшіп келгендер мен мен оралмандар "Еңбек" бағдарламасы арқылы табысталатын 200 АЕК көлеміндегі гранттық қаржыны оқу курстарынан өтпей-ақ ала алатын болды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" бағдарламасы аясындағы 200 АЕК көлеміндегі гранттық қаржыны беруді анықтайтын комиссия отырысы облыс орталығында өтті. Алдағы уақытта "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқыту курстары бастау алып, бірнеше айдан кейін оның тыңдаушылары "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша табысталатын 2-ден 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшердегі гранттарды алуға үміткер болуы мүмкін.

Бұл жолы 200 АЕК көлеміндегі гранттық қаржыны алуға көпбалалы жанұялар, жұмыссыздар, мүгедектер мен 12 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген бизнес нысандарының 25 өкілі қатысты. Олардың жартысының жобасы грант алуда қолдау тауып, қалғаны комиссия отырысының келесі отырысында қаралуы үшін толықтыруға жіберілді.

2020 жылдан бастап "Еңбек" бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, үміткерлердің жас мөлшерлеріне деген шектеу алынып тасталды. Енді NEET санатындағы жастар жеке-дара көрсетілмеген. Бұдан былай олардың барлығы жұмыссыздар қатарына кіреді. Сондай-ақ биылдан бастап комиссиялар жергілікті жерлерде, яғни аудан, қалалардың өздерінде құрылады. Сол себепті, Өскемен қаласындағы жұмыспен қамту орталығында тек бас шаһардың үміткерлері, оның ішінде бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді курстарды және "Бастау" бизнес курсы бойынша оқудан өткендер ғана тыңдалды. Ережедегі тағы бір елеулі өзгеріс – көпбалалы, азқамтылған отбасылар, жұмыс күші басым өңірлерден көшіп келгендер мен оралмандардың конкурсқа оқудан өтпей-ақ қатыса алуға мүмкіндік алуы, - деп хабарлады өңірлік Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Айгүл Шәкірова.

Кәсіпкерлер палатасы өкілі әлеуметтік жағынан азқамтылған азаматтарға курсты тәмамдағаны туралы сертификаттың қажеті болмаса да, олардың "Бастау Бизнес" бойынша оқып алғаны жөн екенін айтады. Өйткені, бұл өз кезегінде үміткердің бизнесін одан әрі кеңейтуде мемлекеттік қолдау шараларына қатысуға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, мұндай сертификат "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2025" бағдарламасы бойынша 2-ден 5 млн теңгеге дейінгі грант алуға септігін тигізеді.

Қоса кетсек, "Еңбек" бағдарламасы бойынша гранттар құрылғылар, құралдар, керек-жарақ заттар алуға, ауылшаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға беріледі. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап оның бірқатар бөлігімен үй-жайларды жалға алу ақысын төлеуге де мүмкіндік берілді. Гранттың ең жоғарғы мөлшерлі шегі 555 600 теңгені құрайды.

0 пікір
Мұрағат