|
Қытай қазақтарының тойы еліміздегі қазақтарды тамсандырды (видео)
|
Өзге елде жүрсе де ұлттық салт-дәстүрлерімізді бізден жақсы ұстанатын қандастарымыз Қазнетті тамсандырды.
Біз әлі лимузиндердің қызығына тоймай жүргенде, Қытайда жүрген қандастарымыз тойды ұлттық салт-дәстүрлерге сай етіп жасап жүр. Осындай тойлардың бірінен жасалған бейнеролик ғаламторда таралып, Қазақстан халқының да ризашылығын тудырды.
Кейбір ғаламтор пайдаланушылар: "бір-ақ рет үйленген соң тойды да замануи, жоғары деңгейде өткізген дұрыс" дегенді алға тарса, басқалары: "Көріңіздерші қандай әдемі. Қыздың жасауын әкелуі, ұлттық нақышта жасауы қатты қуантады, жарайсындар!", "Керемет! Таза қазақтар осылар шығар", "Елден жырақ жүрсе де, салт-дәстүрді сақтаған. Осылай үйленсем ба деп қалдым", - деген қолдауларын жеткізіп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
Қытай билігі кәмелет жасына толмаған бала барғаны үшін ғибадат ғимаратын жауып тастады
■
Шектен тыс саналы зерде технологиясы адамзат өркениетіне қауіпті деп танылды
■
Моңғолиядан келген қандастардың жалпы еңбек өтілі енді Қазақстанда есепке алынады
■
Алжу ауруына ұшыраған науқастың дертке шалдыққан сәтінен бастап қанша өмір сүретіні айтылды
Көп орыстанып кеткен қазақтар қытайда (бұрында біздің жерімізде) қалған қазақтарды: қашқындар, сатқындар дейді, ал өздері бір түйір дәстүр тұрмақ қазаққа деген жанашырлық жоқ, тіліне деген құрмет жоқ.
Осыны қайталап көре бергің келеді.
Ұлттық келбетімізді жоғалпағандарыңа Аллахым разы болсын, алыста болсада жүрегі қазақилықты сырып тастамаған сүйікті қандастарым
әрине малақай киген аттылардың, түйелердің шеруі керемет.