|
«Құрбан айт» қарсаңында футбол турнирі өтеді
|
Қазан айының 4-і күні Мәскеу мегаполисінің «Юбилейный» деп аталатын дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде ашық аспан астында Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай мұсылмандар арасында футболдан жарыс өтеді. «Құрбан байрам» мини-футболын «Футбол бауырластығы – 2014» бағдарламасы аясында өтеді. Бұл жайында IslamNews ақпарат агенттігі хабар таратты. Бұл шараға Мәскеу қаласының діни ұйымдармен байланыс орнату және ұлттық саясат, аймақ аралық ынтымақтастық департаменті мұрындық болып отыр. Аталмыш турнирде 6 команда бақ сынайды: татарлардың республикалық ұлттық командасы, қырғыздардың «Алато»-сы, тәжіктердің «Нұр» командасы, шеркештердің «Адыги»-і, «Башқұрстанның жерлестігі» және «Мұрагер» қазақ мәдени қоғамдастығы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды