ҚР Ұлттық музейіндегі Қазақ Хандығы дәуіріне арналған экспозиция (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейіндегі Қазақ Хандығы дәуіріне арналған экспозиция (ФОТО)
10 жыл бұрын 7549 baq.kz

ҚР Ұлттық музейі Қазақ Хандығы дәуіріне жататын сирек кездесетін түрлі жәдігерлерді тамашалауға шақырады. Жәдігерлердің көбін этнографиялық сипаттағы экспонаттар құрайды. Назарларыңызға Қазақ Хандығы дәуіріне жататын экпозициядан фоторепортаж ұсынамыз.

Аыблай хан тұсындағы тарақты руынан шыққан Наймантай Байғазы батырдың байрағы. Осы уақытқа дейін Ақселеу Сейдімбектің жеке қорында сақталған. 

Төле бидің шапаны (көшірме), Абылай ханның шапаны, Қазыбек бидің шапаны. 

Жоңғарлардың қазақтарға қарсы қолданған зеңбіректерінің оқтары. Жарылғыш қасиеті жоқ, тек қақпаны  немесе қорғанды бұзу үшін қолданған. 

Қазақ Хандығы тұсындағы Сауран және Ташкент теңгелері. 

Қазақ Хандығының теңгелері.

Түрлі лауазым иелерінің (ауыл биі, сот кеңсесі, старшындар мен болыстар) мөртабандары. 

Ералы мен Жәңгір хандардың мөрлері. 

Дайындаған  Нұрсерік ЖОЛБАРЫС 

 

0 пікір
Мұрағат