Қазақстан мұражайларын онлайн режимінде тамашалауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша пайда болады
Қазақстан мұражайларын онлайн режимінде тамашалауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша пайда болады
9 жыл бұрын 2745

Алдағы уақытта еліміздегі мұражайларды қалта телефоныңыздағы арнайы қосымша арқылы виртуалды түрде тамашалауға болады. Бұл жайында Tengrinews.kz ақпарат көзінің тілшісіне аталмыш жобаның авторлары Нұрсұлтан Дүйсебаев пен Алуа Килибаева айтып берді. Бұл мобилді қосымшаны жасайтын команда жасақталып, бағдарлама тұжырымдамасы әзірленді. Қосымшаны толтыру үшін елуге тартf мұражаймен ынтымақтасып жұмыс істейтін болады. Тек тарихтан сыр шертетін мұражайлар ғана емес, сонымен қатар, көркем туындылар мұражайлары да қамтылады. Аталмыш қосымша арқылы еліміздегі барлық мұражай турасында ақпарат аласыз. Нақтырақ айтқанда, олардың мекен-жайы, байланыс деректері, жоспарланған көрмелері туралы ақпараттар. Бұған қоса, бағдарламаның көмегімен фото және видеоконтентті, сондай-ақ, аудигидті пайдаланып, оларды виртуальды түрде тамашалай аласыз. Алдымен базаға Алматы мен Астана қалаларындағы мұражайлар, содан соң, облыс орталықтарындағы мұражайлар енгізіледі. Негізгі платформа ретінде iOS болады, артынан бағдарламаны Android-қа бейімдеу ісі қолға алынады. 

 

0 пікір
Мұрағат