Нанопластика эмбриондардың жүрек, көру және жүйке жүйесінің ақауларын тудырды
Нанопластика эмбриондардың жүрек, көру және жүйке жүйесінің ақауларын тудырды
2 жыл бұрын 1436 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Тірі жасушаларға (көк) бағытталған нанопластикалық бөлшектер (жасыл). Кескін: Meiru Wang, Gerda Lamers, Institute of Biology Leiden

Организмдегі нанопластиктер ұрықтың дамуы кезінде діңгекті жасушалардың қозғалысына кедергі келтіреді, яғни, қалыпты көшуіне тосқауыл болады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нидерландыдағы Лейден биология институтының биологтары тауық эмбрионын пайдалана отырып, микропластиктердің жоғары концентрациясының (шоғырлану деңгейін) ұрықтың дамуына қалай  әсер ететінін зерттеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, пластиктің ұсақ бөлшектері эмбрионалды жүйке қыртысының жасушаларына әсер етеді, бұл жайт өз кезегінде жүрек, көз және жүйке жүйесінің дамуыны теріс ықпал етіп, түрлі ауытқулар мен ақауларға әкеледі. Тәжірибе барысында зерттеушілер тауық эмбриондарын көрінуі үщін арнайы флуоресцентті  жапсырмасымен белгіленген полистирол нанобөлшектерінің экстремалды концентрациясының әсеріне ұшыратып көрді. Зерттеушілер диаметрі шамамен 25 нм болатын жарқыраған пластмасса бөлшектерінің инъекциялық үлгілерінің ішек қабырғасын кесіп өтіп, эмбриондардың мүшелері арасында қалай айналатынын байқады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, нанопластикалық жасушалар эмбрионның жүйке қыртысының жасушаларына қосылып, оның жойылуына себепші болады. Бұл діңгекті жасушалар барлық омыртқалы жануарлар дамуының ерте кезеңдерінде қалыптасады. Жүйке қыртысының жасушалары жұлын болатын жерде қалыптасады және жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерін жасау үшін қоныс аударады. Бұған қоса, олар күрте тамыр мен жүрек секілді маңызды бірқатар ағзаларды қалыптастыруға атсалысады.  Нанопластиктің шоғырлану деңгейі жоғары болса, жүйке қыртысының эмбриондық жасушаларының қоныс аударуына кедергі келтіре отырып, эмбрионның жүйке жүйесінде, көзінде, жүрегінде, т.б. ағзаларында ақау тудырады.

Бақылаудағы және пластикалық әсерге ұшыраған эмбриондардағы жүрек жүйесінің дамуындағы айырмашылықтар. Сурет: Мейру Ван және т.б., Environment International
0 пікір
Мұрағат