Әлем бойынша дәретхана қағазынан қауіпті химикат табылып жатыр
Әлем бойынша дәретхана қағазынан қауіпті химикат табылып жатыр
1 жыл бұрын 872 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ ғалымдары Америка, Батыс Еуропа, Африка елдерінің дәретхана қағаздарының 21 үлгісін сынап көрді және барлық үлгілерден перфторланған химиялық заттарды (PFAS) немесе «мәңгілік химиялық заттарды» тапты - олар табиғи жағдайда әрең ыдырайды. Ал қайта өңделген дәретхана қағазы кәдімгі дәретхана қағазы сияқты қауіпті. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәретхана қағаздарынан ең көп ұшырасқаны - фтортеломерфосфат диэстері (6:2 диПАП) қосылысы; ол аз зерттелген, алайда, сарапшылар оның адамды ұрпақсыз қалдыратын (бедеулік пен белсіздікке ұшырататын) қатері жоғары болатынын алға тартып отыр. Дәретхана қағазынан алынған «мәңгілік химикаттар» ағынды сулармен бірге ағынды суларды тазарту қондырғыларына жіберіледі. Ал одан – ауыл шаруашылығы алқаптары мен табиғи су қоймаларына кетеді. Зерттеушілер PFAS дәретхана қағазын пайдаланудың денсаулыққа әсерін тыңғылықты зерттеген жоқ. Десе де «мәңгілік химиялық заттардың» тері арқылы организмге енетіні, сіңетіні қазірдің өзінде белгілі болып отыр. PFAS – 4,7 мың жасанды синтезделген заттар тобы. Олардың ішіндегі ең танымалы - тефлон. «Мәңгілік химикаттар» киімдерді, кілемдерді және азық-түлік қаптамаларын бояу үшін қолданылады; тұрақты және жылтыр опа-далап жасауда; ас үй ыдыстарына кір және су өткізбейтін жабындарды өндіруде кеңінен қолданылады. PFAS заты қатерлі ісік, жаңа туған нәрестелердегі ақаулар, бауыр және қалқанша безінің аурулары, гормондық ауытқу қаупін арттырады.

0 пікір
Мұрағат