|
Мың жыл бұрын тұрғызылған мешіт-бекініс (фото)
|
Жерорта теңізіндегі Джерба аралы жер бетіндегі ең көп мешіт салынған арал ретінде ерекшеленеді. Бір қызығы, бұл аралдағы мешіттердің кейбірі бекініс мақсатында да қолданылып отырған.
Тунис елінің Седуйкеш қаласына жақындау жерде орналасқан мешіт – осы айтқанымыздың айқын дәлелі. Жер бетіне көтеріліп тұрған қос күмбездегі ойықтар қарсы беттегі жауға оқ жаудыруға ыңғайлы етіп жасалған.
Сондай-ақ, мешіттің басқа бөлмелері жер астында орналасқандықтан, жаздың аптап ыстығында да бұл жерде өте қолайлы ауа температурасы сақталып тұрады. Жер астында салынғанымен, құлшылық ордасына тән нысандар – минбар мен михраб та жасалған. Мешіт шамамен осыдан мың жыл бұрын тұрғызылған.



Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді