|
Израил түрмесінде 270-ке жуық бала қамауда отыр
|
Палестинаның заң шығарушы органының депутаты Жамал Худари халықаралық ұйымдар мен араб және палестиналық құқық қорғаушыларды еврей түрмелерінде қамауда отырған балаларды босатып алу үшін күш салуға шақырды. Бұл жайында «palestine-info.ru» ақпарат көзі хабар таратты. Парламент мүшесінің сөзіне қарағанда, әлемдегі ең жас тұтқын Әлі Әлкамның жасы – 11-де. Сионистер абақтысында көздері жәудіреп отырған одан кейінгі жас тұтқындар Ахмет Манасра мен Муағия Алкамның жастары – 13-те. Олардың үшеуі де израилдіктер жаулап алған Құдыста туып-өскендер. Израилдіктер оларды екі ай бойы түрмеде қорлап ұстап отыр. Яғни, олардың құқықтары абақты қабырғасында жиі бұзылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді