Криминалист ғалымдар Иса пайғамбардың шынайы бет-бейнесін қалпына келтіре алды (фото)
Криминалист ғалымдар Иса пайғамбардың  шынайы бет-бейнесін қалпына келтіре алды (фото)
5 жыл бұрын 9086 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің ғалымдары қарт тарихта Иса деген атпен қалған және осы есіммен күллі адамзатқа белгілі ұлы пайғамбарлардың бірі – Иса пайғамбардың ықтимал бей-бейнесін, яғни, кескін-келбетін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Ғылым да, дін де оны түрлі бейнеде көргенімен, айналып келгенде бұлардың бәрі әр аймақтың, әр өңірдің түрлі дәуірдегі өзіндік мәдениеті мен дүниетанымына сай қиялымен жасап алған бейнесі болатын. Ол ол ма, христиандардың киелі кітабы саналатын Інжілдің өзінде Иса пайғамбардың сыртқы түр-тұлғасына қатысты дерек кездеспейді. (Әлбетте, бір Жаратушыға сенім келтірген адамға пайғамбардың сырт келбетінің қандай болғаны аса маңызды емес, ең бастысы - ол қалдырған баға жетпес мұрада, өсиет пен өнегеде жатыр емес пе!?). Десе де адамның әуестігінде шек жоқ. Сот суретшісі әрі антрополог Ричард Нив тәуекелдің желқайығын мініп, білегін түріп, жанама ишара негізінде Иса пайғамбардың кескін-келбетін қалпына келтіруге тырысып көрген екен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, сот антропологиясы – нақтылыққа құрылған ғылым. Ол тек қаңқа немесе мүрде төңірегіндегі мәліметпен шектеліп қалмайды, сонымен қатар, тарихи жағдайларға, климат ерекшелігіне, саяси ахуалға, т.б. факторларға үңіледі. Тіпті, тарихи тұлғаның немесе белгілі бір дәуірде өмір сүрген адамдардың автобиографиясына дейін зерделейді. Бұрындары Ричард Нив тарихта өз ізін қалдырған еуропалық ежелгі қолбасшылар мен саяси қайраткерлердің бет-бейнесін қалпына келтірген болатын. Яғни, бұл саладағы тәжірибесі мол ғалым. Бірінші ишара: Гефсиман бағында Иса пайғамбарды тұтқындау кезінде, яғни, айшыққа керу қарсаңында римдік сарбаздар Иудадан оны тобырдың арасынан тауып беруін сұрайды. Өйткені, римдіктер жат жерліктер секілді пайғамбарды жолын қуған ізбасарларынан ажыра алмайтын еді. Осыған қарағанда, Исаның сырт келбеті галилейлік семиттерден айырмашылығы болмаған. Израилдік археологтар британдықтардың өтініші бойынша Құдыс маңынан табылған әрі сол кезге тән үш қаңқаны табыс етеді. Компьютерлік реконструкциядан кейін Оның моделі жасалады – жұмсақ тін мен теріден. Алайда, жауабы табылмаған екі сауал толғандырады ғалымдар: терісінің және шашының түсі қандай еді? Археологиялық қазба кезінде табылған жәдігерлерді зерделей келе Інжіл түспей тұрғанда жергілікті халықтың 90 %-дан астамының шашы қара әрі қаракөз болғаны анықталған болатын. Апостол Павел де ұзын шашты жергілікті халық үшін әдепсіздікке жатқызған еді. Яғни, Иса пайғамбардың аптап ыстықта шашын өсірмей, қысқартып отырған. Десе де сол кездегі өнегеге сәйкес ол да сақал жіберген. Қаңқа сүйектердің анализіне қарап, сол дәуірдегі жергілікті халықтың – галилейлік семиттердің бойының ұзындығы 152-153 см-ден аспаған, ал салмағы 50 келінің ар жақ, бер жағында болған. Иса пайғамбар ағаш үстасы болғандықтан оның денесі мығым әрі шымыр болған. Көше бойында жұмыс істегендіктен терісі күн мен аңызақ желден тотыққан. Нәтижесінде Иса пайғамбардың бет-бейнесі қазіргі икондағы әлпетімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын тұлға болып шықты. Түп негізі Таяу Шығыстық адамды еуропаландырып жіберген батыс елдерінің Иса туралы түсінігі тарихи шындықпен сәйкес келмейтіні анықталды.

Лицо Иисуса

Иса пайғамбардың ықтимал бейнесі. Антропологиялық нұсқа

Ұқсас жаңалықты қарай отырыңыз:

«Ағылшын ғалымдары Иса пайғамбардың шынайы түр-тұлғасын анықтады» «сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/madeniet/agylshyn-galymdary-isa-paigambardyn-shynaiy-tur-tulgasyn-anyqtady-9826/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат