Исламды қабылдағанына 15 жыл толған африкалық «қортық» тайпасы (фото)
Исламды қабылдағанына 15 жыл толған африкалық «қортық» тайпасы (фото)
5 жыл бұрын 6015 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Камерун аумағында пигмей деп аталатын Африка құрлығындағы ең ежелгі тайпа өкілдері тұрады. Бүгінде саны шамамен 120 мың адамды құрайтын пигмей тайпасының өкілдері тек Камерунда ғана өмір сүрмейді, сонымен қатар, Руанда, Бурунди, Орталық Африка республикасында, Конго демократиялық республикасында, Замбияда, Габонда, Анголада кездеседі. Бұл жайында mvslim.com ақпарат көзі хабар таратты. «Пигмей» сөзі грек мифологиясынан алынған – «қортық» деген мағына береді. Аталмыш тайпа өкілдерінің өзге африкалық тұрғындарға қарағанда бойы аласа болып келетіндіктен осылай аталып кеткен. Олардың бойының ұзындығы ары асса 150 см-ден аспайды. Олардың өмір сүру салты өзгеше. Өркениет игілігіне кейін ғана қол соза бастаған, діни құндылықтарды кейін игере бастаған тайпа. Аталмыш тайпа өкілдерінің бір бөлігі исламды 2004 жылы қабылдаған еді. Сыртқы әлемнен оқшау өмір сүретіндіктен олар ислам, христиан, т.б. діндер туралы мүлдем хабары болмаған. Олар ақша дегеннің не екенін білмейді. Өмір сүруіне қажетті барлық нәрсені өздері өндіреді. Азық-түліктен бастап, басқасына дейін. Есеп айырысқанда да азық ақшаның орнына жүреді. Ит тұмсығы батпайтын қалың орман-тоғайда аң аулайды, жеміс тереді, т.б. Бамбук ағашының діңгегі мен жапырақтарынан тұрғызылған уақытша баспаналарында тұрады. Исламды қабылдаған пигмейліктер Криби қаласы маңындағы орман-тоғайда өмір сүреді. Онда екі мешіт бар.BBC ақпарат  көзінің таратқан хабарына қарағанда, шетелдік компаниялардың кесірінен ормане-тоғай оталып, пигмейліктердің өмір сүру ортасы тарылып келеді. Сол маңда өсетін гуга өсімдігі безгекке қарсы дәріге таптырмайтын шикізат ретінде пайдаланылады. Ал пандо деп аталатын өсімдік тері ауруын басатын шипалық қасиетке ие көрінеді.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ afrika da yaÅayan insanlar

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ los pigmeos bakas cazando

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐбÑаз

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐамеÑÑн

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Afrikaânın 5 bin yıllık avcıları: Pigmeler

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Afrikaânın 5 bin yıllık avcıları: Pigmeler

ÐоÑожее изобÑажение

Фото: bik.gov.tr,  ihh.org.tr,  timeturk.com

0 пікір
Мұрағат