Гиннес рекордтар кітабына енген ауызашар
|
Биылғы қасиетті Рамазан айында Дубайда ұйымдастырылғанауқымды ауызашар Гиннес рекордтар кітабына енді. Нақтырақ айтқанда, ондағы жайылған дастарханның ұзындығы 6 шақырымға созылған. Бұл жайында Gulf News ақпарат көзі хабар таратты. Бұл ауызашарды Дубай қаласының полициясы ұйымдастырған. Бұл ауызашарға 12 мың 830 адам қатысқан. Ауыз ашушылардың арасында Үндістаннан, Шри-Ланкіден, Пәкістаннан, Қытайдан, Филлипиннен және өзге де Азияның бірқатар елінен келіп, аталған елде нәпақасын айырып жүрген шетелдіктердің қарасы көп болған. Ауызашарға ас мәзірін 35 мейрамхана дайындап, 500 адам өз еркімен қызмет көрсеткен. Өз еркімен қызмет көрсеткендер арасында мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер, кәсіпкерлер, жастар бар. Ауызашарды өткізу үшін шамамен 200 сағат дайындалуға уақыт кеткен екен.