Экстремизм мен терроризм тақырыбын БАҚ-та жариялау атты конференция өтті
Экстремизм мен терроризм тақырыбын БАҚ-та жариялау атты конференция өтті
10 жыл бұрын 7162

Бүгін Астана қаласындағы ұлттық нақышта салынған «Жұмбақтас» қонақ үйінің «Абылай хан» атты отырыс залында Астана қаласы әкімдігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Астана қалалық  Дін істері жөніндегі басқармамен бірге БАҚ-та «Экстремизм мен терроризм тақырыбын жариялау» атты кезекті отырысын өткізді.

Терроризм мен экстремизм мәселелерінің ғаламдық деңгейде белең алып отырғанына байланысты  осы тақырып  төңірегіндегі білім деңгейін көтеріп,ақпараттарды жариялауда жаңаша әдістер,басқаша көзқарас тұрғысынан ойлау – БАҚ өкілдерінің қоғам мен келешек ұрпақты қасіреттен сақтандырудағы өлшенбес үлесі болмақ. Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық пікірді жариялау мен қалыптастыру болғандықтан, дін секілді күрделі мәселедегі кезек күттірмейтін өзекті тақырыптарды көпшілікке дер кезінде, түсінікті етіп жеткізудің жолдарын қарастыру ортақ міндетіміз, - деді конференцияны ұйымдастырушылар.

Енді осы бағытта БАҚ өкілдері қандай шаралар атқару керек? деген сұраққа бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік кеңестің төрағасы, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғ.д., профессор Әбуов Айдар Парқұлұлы былайша жауап берді:

- Біз және БАҚ өкілдері қоян-қолтық жұмыс жасауымыз керек.

- Біз ұсынған материалдарды дер кезінде БАҚ-та жариялау;

- Әрбір дін тақырында қалам тербеп, сөз қозғағанда біздің діни сарапшыларға жүгіну.

Содан соң тағы бір тілші былай сауал тастады: «Біз осы діни тақырыпта мәселе бола қалса діни сарапшы таба алмаймыз. Біз содан кейін қалай бірлесе жұмыс жасай аламыз? Бұл сауалға Айдар Парқұлұлы былай жауап берді: «Біз осы Астанаға тәжірибелі дінтанушыларды алдырдық. Басқа да қалаларда білікті мамандарымыз баршылық. Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі құрамы да Елордамызға көшіп келді. Ол үшін бізге хабарлассаңыздар қашан да көмек беруге дайынбыз».

Отырыста Дәуренов Жорабек Әбдімажитұлы (Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы), Мұхан Исахан (Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Талдау жұмысы бөлімінің бастығы, дінтанушы, PhD докторанты), Әбдірәсілқызы Айнұр (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, ф.ғ.к.), Есбосын Смағұлов (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті Философия кафедрасының доценті, философия ғ.к.), Кеңшілік Тышхан (Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының доценті, философия ғ.к.) баяндама жасады.   

0 пікір
Мұрағат