Денеден ажыратылған бауырды мұздатпай үш күн бойы тірі сақтауға болатын әдіс табылды
Денеден ажыратылған бауырды мұздатпай үш күн бойы тірі сақтауға болатын әдіс табылды
3 жыл бұрын 1609 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар донордан алынған бауырды осы ағзаға мұқтаж науқасқа салмас бұрын үш күн бойы қатырмай-ақ, яғни, мұздатпай тірі ұстаған. Бұл – үлкен жетістік. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ғылыми мепзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ең қызығы сонда – трансплантация орталығы бұл бауырды пацментке жарамайды деп есептеген еді, өйткені, онда ісік болатын, бұған қоса, бұл бауырды сепсисі бар, яғни, бактериялық инфекцияға шалдыққан пациенттен алынған. Дәрігерлер бауырды денеден бөліп алғаннан кейін үш күн бойы тазартып, трансплантацияға дайындаған. Бір жылдан соң реципиенттың, яғни, бауыр донорлық ағзасы қондырылған пациенттің бойынан қандай да бір ауытқыу немесе кінәрат байқалмады. Донорлық бауыры да жақсы жұмыс істепп тұрған. Дегенмен, мұндай тәжірибені клиникалық қолданысқа енгізу үшін бұл бағыттағы зерттеуді одан ары жалғастыру керек. Ғалымдардың бауырды сақтау үшін қолданған әдісі медицинада танымал тәсілге айналып келеді. Оны ex situ норматермиялық перфузия деп атайды. Ағза стерилді ортаға орналастырылады және адам денесінің қалыпты температурасына сәйкес келетін 37 ° C температурада сақталады. Бұл ортада орган үнемі гормондар мен қан сияқты адам ағзасының функцияларына ұқсайтын сұйықтықтармен толтырылады. Мұндай ағза бауырдың үдемелі циррозынан зардап шегетін 62 жастағы ер адамға ауыстырылды. Науқас өзіне қандай бауыр салынатынынан толық хабардар болған әрі қатерге басын тігіп, келісімін берген. Келіспеске де әддісі жоқ еді, өйткені, оның жағдайы тым мүшкі болатын, тіпті, сап-сау бауыр ағзасын салған күннің өзінде тірі қалуы екіталай еді. Науқасқа жасалған ота сәтті өткен.

0 пікір
Мұрағат