|
Болашақтың киімі «Автономды жылыту» жүйесімен қамтамасыз етіледі
|
Калифорниядағы Стэндфорд университетінің жетекші ғалымы Йи Цуй киімге арналған наноөткізу құрылғысы бар жабынды ойлап тапқанын мәлімдеді. Ол жылуды тудырып қана қоймай, сонымен қатар, адам денесінен бөлінген жылуды сақтап қалуға көмектеседі. Жаңа материалдың әдеттегі киімге қарағандағы тиімділігі сонда, ондағы технология сыртқы жылуға деген адамның тәуелділігін азайтады екен. Нақтырақ айтқанда, ғалымдар жеңіл әрі ауа өткізетін материал жасады. Нанометрлік диаметр өткізу сымдары бар киім әдетте тігін бұйымдарында пайдаланылатын материалдарға қарағанда жылуды әлдеқайда тиімді сақтайды. Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, оның термоматасы жылына бір адам үшін сағатына шамамен 1000 киловат энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Сөз орайы келіп тұрғанда айта кету керек, ғалымдардың есептеуінше, әлем бойынша энергия тұтынудың жартысы ғимараттар мен үй-жайларды жылытуға жұмсалады екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді