«Жастық эликсирі» сынақтан сәтті өтті
«Жастық эликсирі» сынақтан сәтті өтті
9 жыл бұрын 4269

Швейцарияның Берн қаласындағы жоғарғы оқу орнының ғалымдары зақымдалған жасушаларды белсендіру арқылы тірі ағзаның өмір сүру ұзақтығын арттыратын тың тәсілді ойлап тапты. Бұл жайында Ұлыыбританияның Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдар жеміс шыбынына тәжірибе жасап, оның өмірін бір жарым есеге ұзартты. Жеміс шыбынының ағзасына ahuizotl деп аталатын геннің қосымша көшірмесін енгізген болатын. Нәтижесінде жәндіктің зақымдалған және ауру жасушалары белсенділік танытып, өмір сүру ұзақтығы 50-60 пайызға артқан. Тәжірибеге жетекшілік еткен жасуша биологиясының маманы Эдуард Мореноның айтуынша, ауру жасушаларды жою және сау жаасушаларды сақтау стартегиялық мәселе болып табылады. Егер бұл «жастық эликксирі» адам ағзасына енгізілетін болса, оның өмір сүру ұзақтығы кем дегенде 120 жас немесе одан да көп болар еді. Алайда, бұл межеге әлі алыс, өйткені, тәжірибе тек жәндікке қана қолданылды.

 

0 пікір
Мұрағат