«Балшықтан көмірге» - ғалымдар ағын судың шөгіндісін құнды өнімге айналдырды
|
Испаниядағы Кордоба ұлттық университетінің ғалымдары ағынды сулардың тұнбасын немесе шөгіндісін белсендірілген көмірге айналдырудың экологиялық таза әдісін, яғни, қоршаған ортаға зияны жоқ тәсілін ойлап тапты. Жаңа технологияны өндірісте және тұрмыста қолдануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ағынды сулар кәріз жүйелері мен тазарту қондырғылары арқылы өткенде ауыр металдардан, химиялық заттардан және ауру қоздырғыштарынан тұратын ерімейтін қалдық қалдырады. Кордоба ұлттық университетінің ғалымдары бұл тұнбаны бағалы белсендірілген көмірге айналдырудың тиімді тетігін ойлап тапты. Бұл бағыттағы инновациялық процесс бірнеше кезеңнен тұрды: тұнбаны кептіру, ұнтақтау, оны арнайы белсендіргіш затпен (калий гидроксиді) араластыру, пиролиз (оттегінің жоқтығында термиялық өңдеу), тұнбаны тұз қышқылымен араластыру және пайда болған белсендірілген көмірді айырып алу. Мұндай белсендірілген көмірді дәрілік заттарды өндіруде де, бағалы металдарды алу үшін де, ауа мен суды тазарту, химиялық заттарды сіңіру және басқа да көптеген мақсаттарда қолдануға болады.