|
Арандатушы ұлтшылдардың тірлігі
|
IslamNews ақпараттық талдау порталының хабарына қарағанда, Ресей Федерациясының Владимир аймағындағы мешітке вандалдар діни араздыққа бастайтын «Ресей орыстар үшін!!!» деген жазу жазып, аю суреті салынған РФ туын іліп кеткен. Владимир облысының имамы Ринат Ибрагимовтың айтуынша, қаскүнемдер осы әрекетімен мұсылмандардың ар-намысын қорлаған. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. Осыған дейін белгісіз біреулер мешіттің терезесін сындырып кеткен болатын. Сондай-ақ, сынап салынған хат жолдап, ғибадат ғимаратын от қоймақ болған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді