Әлі күнге қылышын жанынан тастамайтын мұсылмандар (фото)
Әлі күнге қылышын жанынан тастамайтын мұсылмандар (фото)
5 жыл бұрын 4594 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Суданның шығысын мекен еткен тайпаның ера-азаматтары әлі күнге қылышын жанынан тастаған емес. Қайда барса да, қайда жүрсе де, күнделікті тірлікте де, діни немесе қоғамдық іс-шараларда қылышын асынып алып жүреді. Кейін келе қалыптасқан әдет емес, ғасырлар бойы қылауы бұзылмаған дәстүр. Бұл жайында aa.com.tr ақпарат көзі хабарлайды. Қылыш әскери қарудан қалғалы қашан. Десе де Эфиопия мен Эритерия шекарасы маңында орын тепкенКеселе провинциясы аумағында тұратын жергілікті халық қылышты ер-азаматтың айбынын асыратын атрибут ретінде қарастырады. Кеселедегі XIX ғасырда ашылған ежелгі базарында ұсталар әлі күнге қылыш соғады. Араб қылышынан өзге туристер қаптап келетін аталмыш базардан османлы, еуропалық, эфиопиялық қылыштар саудаға шығарылады. Мәселен, жергілікті базардың да, ұстаның да көрігін қыздырып жүрген Хұсейін әб Нембаб қылышты қарапайым тәсілмен күніне бас қылышқа дейін соғатынын тілге тиек етті. Хұсейін Әбдіуаһаб Мұса есімді тағы бір ұста осынау асқан төзімділік пен еңбекті, қара күшті әрі ептілік пен табандылықты қажет ететін қылыш соғудың өзі аймақ мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналғанын жеткізді. «Біздің базарымыздан түріктің, абиссиндердің, британдықтардың, арабтың қылышын таба аласыз. Бұдан бөлек, Рашайидтік, Димешкілік және Сүлеймендік қылыштарды да кезіктіруге болады. Кейде 800 жыл болған көне жәдігерді де ұшыратасыз»,- деді. Оның сөзіне қарағанда, жергілікті қылыштар 40-60 доллар тұрады. Ал тарихи қолтаңбасы бар қылыштарды 1000 долларға сатып аласыз. Сөз орайы келгенде мынадай қызықты деректі келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: Суданда XX ғасырдың алғашқы ширегінде де қылыш әскери қару ретінде қолданылған екен. Судандықтардың суық қаруға үйір болатын себебінің бір ұшы отты қаруды (мылтық, тапанша, т.б.) жалдамалылар мен жендеттер ұстайтын қару деп менсінбеген. Тура мағынасында. Өйткені, семсерлесу өнерді, шеберлікті, ептілікті, білектің күшін талап етеді. Ал отты қаруда шүріппесін баса саласың – ер жігігтке тән емес саналған. Яғни, шынайы жауынгерге лайық көрмеген. Отты қаруды. Судандық екі жүзі бар қылыш “каскара” деп аталады. Ол бірыңғайда еуропалық рыцарлар ұстаған семсерге ұқсайды. Судандықтар қылышының жүзіне, сабына, тіпті, қынабына қасиетті Құран аяттарын немесе Аллаға мадақ сөздерді жаздырып алады.

Картинки по запросу Sudan'ın doğusunda geleneksel kılıç kuşanma kültürü yaşatılıyor

Картинки по запросу Sudan'ın doğusunda geleneksel kılıç kuşanma kültürü yaşatılıyor

Картинки по запросу Sudan'ın doğusunda geleneksel kılıç kuşanma kültürü yaşatılıyor

0 пікір
Мұрағат