Әлем жаңалықтары: Радиожүргізуші эфирде мұсылманға тіл тигізгені үшін жұмыстан қуылды
Әлем жаңалықтары: Радиожүргізуші эфирде мұсылманға тіл тигізгені үшін жұмыстан қуылды
10 жыл бұрын 3942

Америкалық WGMD радиосында Джейк Смит есімді жүргізуші эфирде мұсылмандардың ар-намысына тиетін сөз айтқаны үшін жұмыстан қуылды. Бұл жайында Delaware Online ақпарат көзі хабар таратты. Сабазың: «әрбір мұсылман жазықты емес, алайда, әрбір мұсылман күдікті» деп соқты. Ол жүргізіп отырған хабарға тыңдарман қоңырау шалып, оны нәсілшілдікке барғаны үшін айыптай сөйледі. Джейк Смит өзін жазғыра сөйлеген тыңдарманды балағаттап ала жөнелген. Тыңдарман оның жаласына жауап ретінде АҚШ әскерінде борышын өтеп жүріп, Ирактағы соғыста 28 жасында қаза тапқан мұсылман сарбазы Кәрім Ханды мысалға келтіріп, үлгі етеді.Джейк Смиттің бұл сөзі қоғамды кәдімгідей шу шығарады. Осыған байланысты ол сол күні жұмысынан қуылды.

 

ИСИМ 3 мың жылға төтеп берген тарихи-мәдени ескерткіштерді қиратты

ИСИМ содырлары тарихи және мәдени ескерткіштерді қиратып жатыр. Бұл жолы олар кезінде Ассирия астанасы болған Нимруд көне шаһарын жермен-жексен етті. Яғни, ИСИМ содырлары санаулы сағаттың ішінде 3 мың жыл бойы небір соғыстарда аман қалған тарихи әрі мәдени жәдігерлерді тас-талқан етіп қиратып тастады. Айта кетейік, қасиетті Құранда сөз болатын ежелгі қаланың іргетасын біздің дәуірімізге дейінгі ХІІІ ғасырда Месопотамияда ассириялықтардың Салманасар І патшасы қалаған болатын. Қаланың орнын аршып алу жұмыстары ХІХ ғасырда жүргізілген. 1989 жылы археологтар үш жүзден аса алтынмен апталған зергерлік бұйымдар мен асыл тастарды, сондай-ақ, аңыз бен ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін тауып алған болатын. Бұл жайында Newsru.com ақпарат көзі хабар таратты.

 

«Өнегелі ару» байқауы өтеді

Сауд Арабиясында жыл сайын рухани кемел, тақуа әйелдерді анықтау мақсатында «Өнегелі ару» байқауы өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара көпшілік көрерменнің алдына ашық-шашық, әлем-жәлем киініп шығатын, тек тән сымбатына қарап, баға беретін батыстың осындай байқауларына балама байқау болып табылады. Сол себепті, аталмыш байқауда бағын сынап көрмек болған әйелдің сырт келбеті мен сымбаты маңызды рөл ойнамайды – ата-анасына сый-құрметі, Аллаға адалдығы және көркем мінезі қаперге алынады. Байқау жүлдесі де қомақты: осындай асыл қасиеттерін көрсете алған әйел 2600 доллаарға ие болады. Байқау шарты белгілі болғанымен әділқазылар олардың қандай адам екенін қалай анықтайтыны нақты айтылмаған.

 

Араб әйелдері жаңсақ ұғымға тойтарыс береді

Біріккен Араб Әмірліктерінде жасы егде тартқан шағында отбасынан айырылған әйелдердің жетім балаларды асырап алатыны бар. Балалар үйінен. Бұл жайында Aljazeera ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, бұл қадамын жарияға жар салып айтпайды. Өйткені, қоғамда қалыптасқан жаңсақ ұғымның жетегіне ергендер оны басқаша жорып, қабылдауы мүмкін. Міне, осындай кедергілерге қарамастан Айша Әлбусмаит есімді 49 жастағы әйел өзінің Рим есімді 3 жаастағы жетім қыз асырап алғанын жарияға жар салады. Осындай батыл қадамға барған ол Дубайдағы спорт жөніндегі кеңестің мааркетинг және жарнама бөлімінің директоры болып қызмет атқарады әрі 2007 жылы Дубайдың ең үздік мемлекеттік қызметкері деп танылған болатын. Жетіім қызды 2013 жылы асырап алған болатын. Алайда, жаабық таақырыпқа жататын бұл турасында ешкімге тіс жарып, тіл қатпаған еді. Оған биологиялық байланысы жоқ баланы бағып-қағуды «ақылына сыйдыра алмайтын» араб қоғамындағы жаңсақ ұғым қолбайлау болған еді. Десе де, асыл дінімізде мұсылман жетімнің ғана емес, сонымен қатар, мұсылман емес жетімнің де басынан сипауды әмір еткенін ескергендер елдің сұқ ккөзі мен сұғанақ сөзінен қорықпайды.

 

Ресейліктердің көбісінің түсік жасату мен ажырасуға еттері өліп кеткен

Ресей Федерациясының әлеуметтанушылары түсік жасату және ажырасу секілді әлеуметтік келеңсіздіктерге ел тұрғындарының бей-жай қарайтынына алаңдаушылық білдіріп отыр. «Бүкіл әлемдік құндылықтарды зерттеу» (World Values Survey, WVSA) баяндамасында айтылғандай, түсік жасатуға наразылық білдіретіндердің қарасы 23,6%-ға дейін кеміген. Ал ажырасуға қарсылардың қатары 9,2%-ға дейін азайған. Бұл жайында “Известия” басылымы хабар таратты. Мұндай әлеуметтік маңызы зор зерттеуді штаб-пәтері Стокгольм қаласында орналасқан бүкіл әлемдік құндыылықтарды зерттеу қауымдастығы бес жылда бір рет жүргізіп отырады.

0 пікір
Мұрағат