14-ші ғасырға тән тарихи мешіт бетперде тігетін цехқа айналды (фото)
14-ші ғасырға тән тарихи мешіт бетперде тігетін цехқа айналды (фото)
5 жыл бұрын 2464 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы дерек бойынша Иран тұрғындарынан короновирус жұқтырғандар қарасы 70 мыңға жеткен. Парсы елі әлемде жұқпалы індеттен зардап шеккендер саны жағынан жетінші орында тұрған ел. Бетперде тапшылығын жою үшін карантинге жабылған мешіттер бір-бір цехұа айналған. Тарихы терең (14-ші ғасырда тұрғызылған) «Айна мешіті» де тәжді тажалмен күрес орталығына айналған. Бұл мешіттің әсемдігін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Сыртынан қарағанда өзге мешіттерден еш айырмашылығы жоқтай көрінгенімен іші кірсе, шыққысыз. Табалдырықтан аттағанда барып, аталмыш мешіттің неліктен «Айна мешіт» атанғанын ұғасыз: қабырғалары тек айнамен қапталып қоймаған, сонымен қатар, күміспен де күптелген. Күмістен өзге де асыл тастармен көмкерілген. Жарықты шағылыстырғанда түстерден шашу шашқан көрініс ешкімді бей-жай қалдармайды.

Ұқсас жаңалықты қарай отырыңыз:

«Шыр көбелек айналған түстер... (фото+видео)»

(сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/madeniet/shyr-kobelek-ainalgan-tuster-fotovideo-13149)

0 пікір
Мұрағат